Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ТҮРКИЯДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ТҮРКИЯДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ


           Тұрмағанбет халық аспаптар оркестрінің өнерпаздары Түркия мемлекетінде түркі тілдес халықтарының өнер фестиваліне қатысады. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының ұйымдастыруымен шара 1-10 маусым аралығында Кастамону, Анкара, Ақсарай, Болу қалаларында өтеді.
           Тұрмағанбет атындағы оркестрдің концерттік бағдарламасы көрермендерге түрлі жанрдағы шығармаларды ұсынады. Оркестр музыканттары қазақ халқының әндері, Әлшекей, Құрманғазы, Қорқыттың күйлері және әлемдік, қазақстандық композиторлардың шығармалары мен Сыр термелерін орындайды.
           Сонымен қатар, оркестрмен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркия мемлекеттерінің өнерпаздары да өнер көрсетеді.
«Алыс және жақын шетелдердің сахнасында өнер көрсету арқылы Сыр елінің орындаушылары ұлттық өнердің дамуына және насихаттауына өз үлесін қосып келеді», - деп атап өтті облыстық филормония жетекшісі Талғат Мақашов.
           Айта кету керек, Тұрмағанбет халық аспаптар оркестрі Сыр сүлейі, атақты шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуұлының 125 жылдық мерейтойы қарсаңында 2007 жылы Қызылорда облыстық филармониясы жанынан құрылды.
           Бүгінде оркестр құрамында 45 музыкант бар. Ұжыммен тәжірибелі 2 дирижер, оркестрдің жетешісі Кеулімжай Ботабаев және Күлдары Избанова жұмыс жасайды. Көркемдік жетекшісі – Самат Абылаев.
           Оркестр репертуарында 300-ге жуық қазақ ұлттық әндері, күйлері, Қазанғап, Шал Мырза, Бекпембет, Әлшекей, Жалдыбай, Досжан Төлеген, Қазақстан және жергелікті композиторларының шығармалары қамтылған.
           Ұжым орындауында классикалық музыка, сондай-ақ, орыс, кәріс, ұйғыр, әзербайжан және тәжік әуендері бар.
           Оркестр өзінің ерекше орындаушылығы арқасында үлкен қошеметке ие болған. Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов және т.б. концерттері оркестрдің сүйемелдеуімен өтті.
01 маусым 2018 ж. 964 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области