ТЕҢІЗ ТӨСКЕЙІНДЕ ТУҒАН ТАЛАНТ
Сыр өңірінің тумасы, компазитор, күйші, ақын, жырау Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Сыдықовпен «Дара жол» атты кездесу кеші өтті.
Кездесудің мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «туған жер» бағдарламасы аясында автордың «Жырлайды Арал перзенті», «Жыр мәйегі – мақам» атты ғылыми құнды еңбектерін насихаттап, қалың оқырман назарына ұсыну.
Рухани шараға аудан әкімі М.Оразбаев, мәдениет және журналистика саласының ардагерлері – Ж.Төребеков, Ж.Жақып, Ж.Кемал, Ә.Әуезов және жары Б.Қостайқызы қатысып, жыраулық өнер, оның насихатталуы жайлы пікірлерін ортаға салып, естелік әңгімелерімен бөлісті.
Кездесуде аудан басшысы Елбасы жолдауындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосып, жастарға үлгі-өнеге болып жүрген талант иесіне шығармашылық шабыт тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді. Сонымен бірге өнер жанашырына сыйлықтарын табыс етті.
Кеш барысында Сыдықов Мұрат ағаның шығармашылығынан әндері мен күйлері орындалып, кітапхана оқырмандары назарына ұсынылды.