Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШЫМКЕНТ АВТОКӨЛІКТЕРІНЕ «17» НӨМІРІ БЕРІЛЕДІ - ҚР ІІМ

ШЫМКЕНТ АВТОКӨЛІКТЕРІНЕ «17» НӨМІРІ БЕРІЛЕДІ - ҚР ІІМ

Шымкент қаласының автокөліктеріне «17» мемлекеттік нөмірі беріліп, жүргізуші куәліктеріне «Y» литері басылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін ішкі істер министрінің бұйрығы ресми жарияланды. Оған сәйкес, ведомствоның кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне өзгеріс енгізіледі. Атап айтқанда, Шымкент қаласы өңірін белгілеу үшін «17» саны қолданылады. Шымкенттен берілетін жүргізуші куәліктеріне «Ү» литері басылады. Түркістан облысы «13» мемлекеттік нөмірінде және «Х» литерінде қала бермек», - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Комитет өкілдерінің айтуынша, аталған бұйрық бүгін ғана ресми жарияланды. Ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң - 24 шілдеде күшіне енеді.
«Сол күннен бастап Шымкентте тіркелген көлік құралдарына жаңа мемлекеттік нөмір белгілері беріле бастайды», - дейді комитет өкілдері.
Еске сала кетейік, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін берген болатын.



15 шілде 2018 ж. 596 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области