Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ОРТАҚ МІНДЕТ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ОРТАҚ МІНДЕТ

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағытындағы аймақтық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Онда «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінің төртінші бағыты яғни, «Шағын несие беруді көбейту» мәселесі жан-жақты талыланды.
Жиын барысында Елбасының төртінші бастамасы аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Жанар Дәулетбаева айтып өтті.
Бөлім басшысының айтуынша ағымдағы жылдың бюджеттінде шағын несие беру бағдарламасына 42 млрд теңге бөлінген.Оның 31 млрд теңгесі ауылдық жерлерге ал, 11 миллиарды қалалар мен моноқалалар үшін қарастырылып отыр.
- Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасымен қаржыландыру көлемі 20 млрд теңгеге ұлғайып, биыл 62 млрд теңгені құрады. Соның нәтижесінде шағын несиемен қамтудың жалпы көлемі 14 000 адамнан асты. Бұл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда екі есе көп,-дейді Жанар Дәулетбаева.
Өңірде Елбасы бастамасына сәйкес өз жеке ісін бастап жатқандарға, тұрақты жұмысы жоқтар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға басымдық берілуде. Осы мақсатта "Бастау-Бизнес" жобасы арқылы арнайы оқу курстары да қаралған. Мәселен, өткен жылы "Бастау-Бизнес" жобасы 5 аудан тұрғындарын қамтыған болса, биыл Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласының тұрғындары қатысуға мүмкіндік алып отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ильясовтың егжей-тегжейлі баяндап өтті.
-Жалпы жыл басынан облыс бойынша 553 азамат «Бастау-Бизнес» курсын аяқтап, 498 азамат жобасын қорғады. Соның ішінде 21 азаматтың жобасы 55,2 млн. теңгеге қаржыландырылды. Қазір оқу курсының 3-ші легі басталып, 254 азамат оқып жатыр. Жыл соңына дейін 1600 қызылордалық оқытылып, кемінде 320 азаматтың жобасы қаржыландырылады деп күтілуде,- деді Қожахмет Ильясов
Жиын барысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020», «Микробизнес-Кызылорда» бағдарламалары шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған барлып жұмыстардың нәтижелері мен алдағы орындалар міндеттер бойынша тиісті ұсыныстар жинақталып, қаулылар қабылданды.                                                                              
19 шілде 2018 ж. 627 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области