Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІПКЕРЛЕР «ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР» ҚҰРАЛЫ АЯСЫНДА ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚИ АЛАДЫ

КӘСІПКЕРЛЕР «ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР» ҚҰРАЛЫ АЯСЫНДА ҚЫЗЫЛОРДАДА ОҚИ АЛАДЫ

Қымбатты достар, біз кәсіпкерлерге кеңес беру айдарымызды жалғастырамыз. Бүгінгі тақырыбымыз «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясындағы «Іскерлік байланыстар» құралына қатысты болмақ. Бізге кеңесті Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Мәдина Қасымжан береді.
- Мәдина ханым, жалпы «Іскерлік байланыстар» дегеніміз не? Осы мәселеге кеңінен тоқталып өтесіз бе?
- Ел экономикасын дамытудың негізгі қозғаушы күшінің бірі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Сондықтан қазіргі уақытта саланы дамытуға байланысты көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Соның бірі – «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының төртінші бағыты бойынша жүзеге асырылатын «Іскерлік байланыстар» құралы.
«Іскерлік байланыстар» құралының мақсаты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне халықаралық және шетелдік ұйымдардың ықпал етуі арқылы шетелдік әріптестермен іскерлік байланысты орнатуға қолдау көрсету. Бұл бағдарламаға қатысу үшін арнайы талаптары бар. Ең бірінші, қатысушы шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі мәртебесінде болу керек. Екіншіден, қатысушының атқаратын қызметі кәсіпорынның басшысы орынбасары лауазымынан төмен болмауы керек. Үшіншіден кәсіпорынның жасап жатқан қызметінің бағыты «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының экономиканың басым секторлары тізбесіндегі қызметтердің санатынан болуы тиіс.
Міне, осы талаптар орындалғаннан кейін ғана кәсіпкер «Іскерлік байланыстар» құралына қатысуға мүмкіндік алады. Нақты кезеңде Қызылорда облысында оған қатысу үшін 79 адам тіркеліп тұр. Осы кезге дейін «Іскерлік байланыстар» құралына қатысу үшін оқу тек Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында өтіп келген болса, биыл бірінші рет Қызылорда қаласында өткелі отыр. Оқуды жүзеге асыратын Қазақстан-Британдық техникалық университетінің профессорлары. Сонымен бірге, алдыңғы қатарлы отандық және шет елдік бизнес-тренерлер.
- «Іскерлік байланыстар» құралының механизмдеріне тоқталып өтсеңіз...
- «Іскерлік байланыстар» құралы екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезең үш апта уақытты қамтиды. Үш апталық кезеңде қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізудің заманауи әдістері, маркетинг, менеджмент тақырыптары бойынша, қарым-қатынастар орнатуға байланысты семинар-тренингтер өткізіледі. Сыртқы экономикалық байланыстар бойынша түрлі ақпараттар беріледі, яғни тікелей сабақ түрінде өткізіледі. Бір аптасы онлайн-семинар түрінде өткізіледі. Бір аптаның ішінде қатысушылар шет елдік және отандық бизнес-тренерлердің көмегін пайдалана отырып өздерінің жобалары бойынша бизнес-жоспарларын жасаулары керек.
Бизнес-жоспарларын жасап болғаннан кейін қазақстандық-германдық біріккен комиссия құрылады. Аталған комиссия алдында бизнес-жоспарларын қорғайды. Бұл бір жағынан кәсіпкерлердің бірінші кезеңді аяқтағандығын білдіреді. Екінші жағынан екінші кезеңге іріктеу болып табылады.
Конкурстық іріктеу кезеңі мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылады. Қатысушы екінші кезеңде Германияда өткізілетін бизнес-тағылымдамаға қатысуы үшін мақсатын айқындап алуы керек. Екіншіден, өзінің саласы бойынша Германиядағы әлеуетті әріптестері туралы ақпарат болуы керек. Төрт апта тағылымдамадан өткен кезде ол келіссөздер жасауы мүмкін, келісім-шарттарға отыруы мүмкін, сондықтан тағылымдамадан өтетін кәсіпкердің қолында толық ақпараты болуы тиіс. Соңғы қойылатын талап «Іскерлік байланыстар» құралының бірінші кезеңін бітіргендігі туралы сертификаты болуы қажет. Бірінші кезең бойынша оқыту осы жылдың 3-14 қыркүйегі аралығында Қызылорда қаласында өтеді.
Кәсіпкер бірінші кезеңді сәтті тәмамдағаннан кейін Германиядадағы төрт апталық тағылымдамадан өтеді. Тағылымдаманың мақсаты, халықаралық, шет елдік ұйымдардың гранттарын ұтып алу, әр түрлі франшизалар, лизингтер сатып алу, лицензиялар алу, шет елдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату, тәжірибе жинақтау.
«Іскерлік байланыстар» құралы бойынша оқу ақысыз – тегін жүргізіледі. Қатысушы Қазақстаннан тәжірибе өтетін елге дейінгі жол, жатын орын шығындарына қаржысын жұмсамайды, барлығы тегін.
Жобаға қатысқысы келетін азаматтар Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына келіп, өтінішін қалдыруға болады. қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Палатаның маманы Әсел Алушаеваға 40-02-02 байланыс телефоны бойынша хабарласып, жауап ала алады.
-Мәдина, кеңесіңізге рахмет.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
24 шілде 2018 ж. 481 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области