Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АТАМЕКЕНДЕГІ ТАҒЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

АТАМЕКЕНДЕГІ ТАҒЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

Мемлекет басшысының өткен жылы жарияланған бағдарламалық мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, өскелең ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін айқан еді. Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Әр адамның туған жерінде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер мен осы елден шыққан қаламгерлер бар.
Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған ұлттық рух пен тәрбиенің негізгі көзі – ауылда. Өткенін ұлықтап, ұрпаққа үлгі етудің мызғымас үлгісін көрсетіп келе жатқан осындай ауылдардың бірі – Арал ауданындағы Құланды елді мекені. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында құт қонған Құланды ауылында тағылымды кездесу өтті.
Туған жердің төл перзенті, қазақ әдебиетінің қазіргі алыптарының бірі Ә.Нұрпейісов – Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. Атақты қаламгермен бірге елге белгілі ақын-жазушылар - Т.Ақжолов, М.Кенжебай және С.Құттыбаев келді.
Шағын ғана ауылдың дамуына, іргелі елді-мекендердің біріне айналуына аянбай үлес қосқан, туған елге, жерге деген махаббатының арқасында мақтаулылар қатарында ұрапақ тәрбиелеп, бейбіт шақта алаңсыз күн кешіп жүрген жандар мен барша қазақтың қасіретіне айналған Семей сынақ полигонында әскери борышын өтеген жандар ел болашағы саналған жастармен кездесті. Бірі сонау қиын-қыстау күндердегі ауылдың тыныс-тіршілігін, тұрмыс жағдайын қинала еске алса, бірі ел алдындағы борышын өтеу кезінде бастысы жүректегі патриоттық сезімді өшірмеу керектігін жеткізді. Бүгінгі бақтыты ұрпаққа азаттықтың қандай қиындықпен келгенін ортаға салды.
Аға буынның сөзінен ой түйген жастардың бойынан да да рухы биік, жүрегі таза, тәуелсіз Қазақстанға деген сүйіспеншілігі шексіз екені анық байқалып тұрды.
Қазақ дейтін қайсар халықтың қаһармандары аз болмаған. Ал батыры көп елдің баласы жасық, қорқақ болып өсуі мүмкін емес. Бауыржан Момышұлының: «Алыпты алып қана арқалайды» деген жақсы сөзі бар.
Ер азаматтың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Ақын Мұхтар Шаханов:
Қайғы келсе жеңілмейтін,
Бақыт келсе, семірмейтін,
Ер мінезін қадірлейтін,
Еркектердің даңқы артсын! – деп жырға қосқан.
Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін, ізіңізге ерген жас ұрпақтарыңызға жолын берсін дегіміз келеді.
«Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің атамекеніне осылай тағзым етуі тиіс.

С. ТЛЕУМБЕТОВА,
Арал ауданы

24 шілде 2018 ж. 1 087 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области