Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАРИХЫН БІЛГЕН АБЗАЛ

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАРИХЫН БІЛГЕН АБЗАЛ


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы бүгінгі жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін айттты. Менің ойымша, туған өлкеге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден, атамекеніңді құрметтеуден басталады. Өңірдегі елді мекен атауларының этимологиясы, тіпті туған жердің өзені мен сайы, ойы мен қыры, – тұнып тұрған тарих. Міне, осы жер атауларының тарихын жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкентану жұмыстарын кеңінен жүргізу қажет деп есептеймін.
Осы орайда өзімнің туған жерімдегі «Майлытоғай» мен «Тартоғай» атты елді-мекендері атауларының шығу этимологиясына тоқталғанды жөн санап отырмын. Шиелі ауданына қарасты аталған ауылдар облыс орталығы – Қызылорда қаласынан шығысқа қарай 60-70 шақырым жерде орын тепкен. Жол жүріп, сапарлап жүрсеңіз, "Майлытоғай" және "Тартоғай" деген ауылдарды сіз де білсіз. Осы ауыл атауларына мəн беріп көрдіңіз бе? Бұл атаулар бір қарағанда түсінікті, ешқандай құпиясы жоқ сияқты. Өйткені, олар бертінде, кейінірек пайда болған.
Халық уақыт пен кеңістікті əр заманда əрқалай сипаттап, соған сай өзгертіп отырған. Мәселен, біздің ата-бабаларымыз көшпенді қоғамды өмір сүрді. Барлық тіршілігі соған бейімделді. Сондықтан да бұрынырақта аталарымыз уақыт өлшемін «бие сауым уақыт», қашықтықты «қозы көш жер», «ит өлген жер», «таяқ тастам жер» десе, кейінірек заман дамып, техниканың дамыған заманында (айталық, теміржолдың келуімен( кеңістіктегі қашықтық та соған сай өзгерді. Қараңыз: бұл жайында Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» («Ғасырдан да ұзақ күн») романында өте жақсы сипатталған.
Майлытоғай. Тартоғай. Бұл атаулар сол теміржол мен Сырдария өзенінің арасындағы кеңістікке қойылғанға ұқсайды. Облыс аумағынан өтетін «Орынбор-Ташкент» теміржолы 1904-1905 жылдары Ресейді Романовтар әулеті билеп тұрған тұста салынғаны жалпақ елге белгілі. Энциклопедияда да жазылған. Сырдария өзені Майлытоғай аулының тұсында, теміржолдан 7-8 шақырым қашықтықта жайылып ақса, Тартоғай аулының тұсында темір жолға 2-3 шақырым жақындап ағады.
Осы географиялық ерекшелікке назар аудара отырып, "Майлытоғай" атауына тілдік талдау жасасақ, "Майлы" сөзінің ауыспалы мағынада қолданып тұрғанын көреміз. "Майлы" дегеннен дәулетті, бай, тоқ, тойымды деген мағыналар шығады. Ал "Тоғай" сөзін тіркестірсек, тоғайдағы шөптің қалыңын, шүйгінін жан-жануарлардың көптігін, олардың тойымдылығын, берекелігін көрсетеді.
Осы Майлытоғай ауылында бүгінде көп қолданыста болмай бірте-бірте көмескіленіп, халық жадынан шығып бара жатқан жүздеген əр заманның куəгеріндей атаулар бар. Мысалы, Бестам, Итаяқ, Аққамыс, Шыбықбелгі, Ақжар, Қойбас, Құмжарған, Əулиетораңғыл, Ұялыкөң, Келес, Қызылүй, Сарыбел, Қараой, Итатқан, Аңламас және т.б. Бұл атаулар көп жайттан сыр шертеді, сол төңіректе тұрған халықтың таным-түсінігінен, тарихынан хабар береді.
Ал "Тартоғай" атауы жоғарыда айтқандай, Сырдария арнасының теміржолға жақын келіп, кеңістіктің тарылған жерінде орналасқан. Сол үшін тоғайдың алып жатқан жері де тар. Жалпы, ғылыми этимология мен халықтық этимология бірін-бірі толықтырып, атау сырын ашуға өз көмегін береді. Өйткені, қазақ халқы ат қоюға аса мән беріп, барлық жағдай мен ерекшеліктерін бағамдай отырып қойған.
Тарихты біз өткен өркениет қалдықтарынан, жазылған деректерден және халық ауыз әдебиетінен біле аламыз. Мұның өзі талай өзгеріске ұшырағандар. Дегенмен барлығымызға аян ортақ шындық бар. Егер естіген, оқыған, көргендеріміздің түбі бір болса, онда шындыққа ең жақыны сол болмақ. Сондықтан шын тарихымызды түгендегіміз келсе, еліміздің сөзін түзеп, көнемізді жаңғыртуымыз керек.
Жоғарыда айтқанымыздай, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір бөлігі туған жердің тарихын білуге, оның ұлттық құндылықтарын қадірлеуге арналған. Соның бірі – еліміздің киелі де, қасиетті орындарын құрметтеу, Олардың тарихы мен тағылымын бүгінгі жас ұрпақтың бойына сіңіру. «Тарихыңды білмей, болашағыңды болжай алмайсың» деген бабалар сөзі бар.
Мадалхан ДАНАБЕК,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
2-курс студенті
20 шілде 2018 ж. 1 191 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области