ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҚҚАН ШЫРАҒЫН
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану тарихын зерттеу, туған жердің мәртебесін көтеру, танымал тұлғалар өмірін насихаттау жұмыстарын қолға алуды ерекше тапсырды. Мұндай игі қадам жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда, ұлы тұлғаларымызды насихаттап, олардың өмірі мен өнегесін дәріптеуге әсері мол екенін айрықша атап өткен еді.
Сөз жоқ, ұлыларды ұлықтау - тарихымызды ұмытпау, тарихты тану – тағлымды іс. Осы тұрғыда Шиелі аудандық орталық кітапханасында әйгілі ғалым Ш.Есеновтің 90 жылдығына орай «Ғылым шырағын жаққан- Шахмардан» атты тағылымды кеш өтті.
Елбасының бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы туған елдің құндылықтарын ұлықтауға шақырса, Шахмардандай тұлғалардың еңбегі әлдеқашан халық қазынасына айналғаны ақиқат.
Шарада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, екі мәрте Ленин орденінің иегері, Лениндік және мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Шахмардан Есенов еңбегін айғақтайтын «Шоқтығы биік Шахмардан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кеш барысында жастар тұлғалы азамат жайлы танымын кеңейтіп, Шиеліден шығып, әлемді мойындатқан ғалымның өмір жолынан мәлімет алды.
Нәзира ƏЛИЕВА,
Еңбекші ауылдық кітапханасы онлайн
орталығының кітапханашысы.