ТҮЛЕКТЕР БІЛІМ ОШАҒЫНДА БАС ҚОСТЫ
Шиелі ауданындағы №149 «Қызылту» орта мектебінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Туған жерге тағзым: Мектебіме тағзым» акциясы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінде білім, ғылым, мәдениет, құрылыс салаларында қызмет жасап жүрген мектеп түлектері жиналды.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов Елбасы бастамасымен рухани жаңғыру бағытында жүзеге асып жатқан акциялар маңызы жайлы айтып өтті. Кездесуде «Нұр Отан» партиясының Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Маханбет, Иіркөл ауылдық округінің әкімі Сламхан Монтаев, кәсіпкер Асқар Бердібаев, «КазАтомПром» Ұлттық компаниясының ЖШС РУ-6 мекемесінің «Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі» бөлімінің басшысы Нұрлан Халықов, №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының директоры Айнұр Архабаева естеліктерімен бөлісті.
Қонақтар мектептің шежіресінен сыр шертетін мұражай жұмыстарымен танысып, оқушылардың өнерін тамашалады.