ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫ
Басқа мемлекеттерде өмір сүруге тырысып жүрген адамдар сияқты, қазақстандық қоғамда жаһандық өзгерістерге бейімделу үшін барлық салаға белгілі бір реформаларды жүргізу қажет. Ең әуелі бұл тұрғыдағы өзгерістер бостандық пен азаматтық құқықты қорғау саласына арналуы тиіс. Жеке және жекеменшік мүлікті қорғайтын қоғамдық институттардың ортақ жүйесінсіз, әлемдегі ешбір ел экономикалық, әлеуметтік және әдени салада қандай да бір жетістікке жетпес еді.
Көптеген дамыған елдегі қоғамдық институттар мемлекеттік құрылымдарға бақылау жүргізбейді, керісінше мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас жасап, мемлекет пен қоғам арасында сенім қалыптастырады. Бұл өз кезегінде елдің экономикалық және мәдени дамуына жағдай туғызады. Ал азаматтық институттар нашар дамыған қоғамда мемлекеттік құрылымдар халықтың мұң-мұқтажы туралы бейхабар болады да, ел алдындағы өздерінің міндеттерін жиі ұмытып кетеді.
Азаматтық қоғам тарапынан тың идеялардың туындамауы салдарынан мемлекетте тоқырауға ұшырайды, себебі, дәлелсіз, толық емес идеяларға қаржы бөлу мүмкін емес. Қазақ қоғамындағы ахуалдың мұндай дәрежеге түспеуі үшінбасшылық пен елдің рухани элитасы мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастың ең оңтайлы түрін табуы қажет. Сонда ғанатең құқылы әріптестік қарым-қатынасты көздейтін демократиялық принцип орнайды.
Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар бүгінде азаматтық құқық пен бостандықты қорғауда маңызды рөл атқарады. Соған қарамастан қоғамдық институттардың сапалық және сандық көрсеткіштері дамыған елдердің стандарттары мен принциптеріне сәйкес келмейтіндей әсер қалдырады. Әрине, бұл саладағы істерді жақсарту үшін біздің қоғамда «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» атты мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда.
Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру арқылы қазақстандық қоғамда заманауи мемлекеттік аппарат құруға, құқықтық мемлекет қалыптасуға, индустрияландыруға, ұлт болашағын қалыптастыруға және транспарентті және есеп беретін мемлекет құруға қажетті жағдайлар туғызу қажет. Аталған шаралардың жүзеге асуы үшін қазақстандық азаматтардың барлығы белсенді қатысуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана жаңа құрылған қоғамдық институттар Қазақстан мен оның көпұлтты халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстарды атқара алады.
Қазақстандағы азаматтық қоғамның табысты дамуы «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» сияқты ауқымды мемлекеттік бағдарламалардың іске асуына байланысты. Бұл бағдарламада Қазақстанның қоғамдық құрылымындағы институционалды реформаны тиісті деңгейде сапалы жүргізуге серпін беретін гуманитарлық сипаттағы шаралар аталады.