ЛАТЫН ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ: ҚАЗАҚСТАН ПОЛИГЛОТТАРДЫҢ ҰЛТЫ БОЛАДЫ
Модернизация бүкіл әлемді шарпыды. Дамушы қоғамның экономикалық құрылымы тәрізді әлеуметтік даму парадигмасы да өзгеруде. Жаһанданудың жағымды және жағымсыз көптеген жақтары бар. Бірақ, өзгерістің жағымды жағын ұтымды пайдалана білсе, адамдардың өмір сапасы көз алдымызда өзгеріске ұшырайтын болады.
Қарқынды даму кезіндегі кез-келген мемлекеттің жетістігі оның жаһандану үрдісіне қаншалықты бейімделе алатындығына және оны өз игілігіне пайдалануына байланысты екендігін адамзат әлдеқашан саналы түрде түсінді. Арттақалушылыққа жол жоқ. Бұған қоса, экономика, азаматтық қоғам, әлеуметтік даму мен менталитет, мәдени, адамгершілік сала, тілдік орта сияқты барлық салаларға жіті бақылау жүргізіледі. Бұл туралы Президент Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында Қазақстан үшін тұрақты өзгерістердің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
Елбасы ең бастысы жеке бәсекеге қабілеттілік пен прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім беру мәдениетін сақтау, көптілділік және қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру сияқты мәселелер қазақстандықтар үшін маңызды екендігін ерекше атап өтті. Көптеген мәдениет қайраткерлері, тарихшылар мен әлеуметтанушылар елдің рухани жаңғыруы мен интеллектуалды дамуында тілдің модернизациясы ерекше рөл атқарады деп санайды. Қазақ тілін латын қарпіне көшіру - еліміздегі әрбір тұрғынның қоғамдық санасының өзгеруін айқындайтын рухани жаңғырудың нақты қадамы. Бұл әр азаматтың өзін-өзі жетілдіруге жол ашатын, дамуына баса назар аударатын процесс.
Қазақ қарпін латындандыру не береді? Бір қарағанда бұл тек таңбалардың «техникалық» жүйесінің өзгеруі ғана сияқты. Латындандыру халыққа өзінің ана тілін табиғи қалпында сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда тұрып жатқанымызды ескере отырып, жаңа форматтағы қазақ тілі барлық қазақстандықтарды біріктіруге, қоғамның нығаюына әсер етуші мықты фактор бола алады.
Мемлекет әліпбиді жаңғыртуға саналы түрде қадам басты. Талқыға қоғамның барлық топтары қатысты. Миллиондаған адам қазақтың жаңа латын әліпбиі қандай болуы керектігі туралы пікір білдірді. Соңғы қабылданған нұсқасы халықтан оң бағасын алды, бұл ұзаққа созылған жалпы талқылаудың нәтижесі еді. Айтпақшы, жалпыхалықтық талқылау латын әліпбиіне көшу кезіндегі ел билеушілеріне қойылған басты шарттардың бірі.
Кейбір сарапшылар жазғандай, латын әліпбиінің жалпы пікірталасқа айналуы тек «таза қазақстандық мәселе» ғана емес. Латындандыру - бүкіл қазақстандық қоғамның, оның барлық этникалық топтарының дамуындағы басты фактор. Әңгіме жаңа сапалы деңгейдегі даму турасында. Әлеуметтік-саяси жаңғырту тұрғысынан алып қарағанда бүгінгі күні латын әліпбиіне көшу - тілдің мәселесі ғана емес, сонымен бірге саяси мәселе. Біздің тіліміздің әлемдік қоғамдастыққа түсінікті болуы сананың ашықтығы мен Қазақстанның әлемдік аренадағы даму стратегиясының көрінісі. Мұндай өзгерістер Қазақстандағы тілдік ортаны дамыту үшін өте маңызды. Өйткені, қоғам нақты үш тілділікке аяқ басады. Қазақстандық қоғам біздің көз алдымызда өзінің дамуында прогрессивті жалпыадамзаттық құндылықтарға мән беретін болашаққа ұмтылған заманауи азаматтардың, полиглоттардың ұлтына айналып келеді.