Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАЛЫДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ


ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қазалы ауданы Басықара ауылында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша облыстық сайыс өтті.
Астана қаласының 20 жылдық, Қызылорда қаласының 200 жылдық құрметіне және Басықара бабаны еске алуға орай өткізілген жарыста облыс көлеміндегі мешіт шәкірттері қатысты.
ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілі, бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлының тапсырмасымен, аймағымыздағы мешіт имамдары мен ұстаздарымыз жамағаттың Құран жаттауға деген қызығушлықтарын арттырып, елімізге белгілі қарилар шығару мақсатында облыс, қала, аудан, мешіт көлемінде шәкірттер арасында үлкенді-кішілі сайыстарды жиі ұйымдастыруға ден қойған.
Биылғы жылы осымен төртінші рет өткізіліп отырған облыстық Құран жарысында 33 қатысушы «Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу» және «Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» номинациялары бойынша бақ сынасты.
Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән беріліп, нәтижесінде:
Құранның 30-шы парасын жатқа оқу бойынша
І-орын - Қайрат Мұхаммедқали;
ІІ-орын - Айдос Таңбышов;
ІІІ-орын - Бақытжан Мұхаммеджанұлы.
Құранды мәнерлеп оқу бойынша
І-орын - Әбілхайыр Сүйіндіков;
ІІ-орын - Нұрдәулет Нәби;
ІІІ-орын - Ансар Абдрахманов жеңімпаз деп танылды.
Жүлдегерлер арнайы дипломдармен және сыйақылармен марапатталды.
27 шілде 2018 ж. 712 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области