«НҰР-МҮБАРАК» СТУДЕНТТЕРІМЕН ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, Болатбек қажы Ұласқанұлының «Нұр-Мүбарак» университетінде облыс әкімінің грантында оқып жатқан студенттермен өткен кездесуінде үшжақты келісімшарт жасалды.
Еске сала кетейік, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Қызылорда облысынан барып білім алып жатқан 80-ге жуық студент бар. Бүгінде, облыс әкімі Қ.Көшербаев бюджеттен тыс жолдармен қарастыру арқылы 19 студенттің жылдық оқу ақысы мен жатақхана ақысын өтеп беріп келеді.
Университет ректоры, профессор Жуда Абдулғани Басюнидің қатысуымен өткен кездесуде, өкіл имам өңірімізде білімді де білікті кадрлардың сұранысы жоғары деңгейде екенін жеткізіп, облысымыздағы қалаған мешітке жұмысқа орналасу мүмкіндігімен, бітіруші түлектерге қызметтік ұсыныс жасады. Нәтижесінде, 11 түлек өңірімізге мешіттерде қызметке келуге келісті.
Шәкірттер ел азаматтарының жасап жатқан қамқорлығы мен мүмкіншіліктері үшін дән риза. Өздеріне артылған үмітті ақтап, елімізге, дінімізге адал қызмет ететіндіктеріне сенімдері кәміл, мақсаттары айқын.