Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА БАС ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Болатбек Әбуов ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі және «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
    Б.Абуов 1982 жылы дүниеге келген. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін,  Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы» бойынша бітірген. Республикалық имамдар білімін жетілдіру институтында білім алып, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің докторантурасын тәмамдаған.
    Қызмет жолын 1999 жылы Байқоңыр қаласындағы «Жәрімбет ишан» мешітінде бастаған. Әр жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің Студенттер кеңесінің мүшесі, референт-аудармашысы, төрағасы орынбасары, оқытушысы,   университет  ректорының әкімшілік және халықаралық істері жөніндегі көмекшісі болып жұмыс істеген. 2014 жылдан осы кезге дейін «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аппарат жетекшісі, бас хатшы қызметтерін атқарған.



23 ақпан 2018 ж. 1 159 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области