Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КӘСІБІН СҮЙГЕН КЕЛІНШЕК

КӘСІБІН СҮЙГЕН КЕЛІНШЕК


Аймақ кәсіпкерлері мемлекет тарапына көрсетілген қолдауды айқын сезінуде. Мәселен, аралдық жас кәсіпкер Эльвира Тілеубаева «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өткен 2017 жылы мүйізді ірі қара алған болатын. Кейін ешкі сүтіне сұраныстың жоғары екенін есепке алған кәсіп иесі асыл тұқымды ешкі өсіруге ниеттенеді. Өзінің жеке қаражатына көршілес Ақтөбе қаласынан бірнеше бас асыл тұқымды ешкі сатып алады. Осылайша сүт бағытында ешкі өсіруге шындап кіріседі.
Ешкі сүтінің пайдалы екендігін қазір бәрі де біледі. Сан ауруға емдігімен қоса, жаңа туған балаға ана сүтін алмастыра алатын бірден-бір қорек – ешкі сүті. Сондықтан да, халық «ешкі сүті – ем» дейді. Асыл тұқымды ешкі өсіріп отырған аралдық кәсіпкер ешкі малының ерекше қасиетін шынайы сезіп, өнімін тұрғындарға ұсынуда.
– Бұлар өте ақылды болып келеді екен. Саууға келгеніңді біле қойып, алдыңа кезек-кезегімен тұратынын айтсаңшы. Күніне 3 рет сауамыз. Әр сауғанда бір ешкі 1 литрден кем емес сүт береді. Негізінен, емдік қасиеті өзге жануарлардан бөлек ешкі сүтінің нарықтағы бағасы литріне 500 теңгеден есептеледі, - дейді жас кәсіпкер.
Жалпы, ешкі малы аса жоғары күтімді талап етеді. Кәдімгі жем-шөбін уақытылы беріп отырудан бастап қораны таза ұстау маңызды. Эльвираның айтуынша, аталған ешкілер алдағы күз айында алғашқы төлін бермек.
Иә, ешкі малы бойына бар асылды жинаған. Оның сүті 99 ауруға ем. Ғалымдардың зерттеуіне назар аударсақ көп-ақ. Емдік және аурулардың алдын алуда көмегі мол көрінеді. Әсіресе, анемияда, тағамдық аллергияда, туберкулезде, асқазан, ішек- қарын жолдарының ауруларында, диабетте, диатезде, ағзаның қорғаныс қызметін арттыруда, ағзадан ауыр металдардың тұздары мен радионуклидтерді шығаруда және көздің нашар көруінде пайдалы деген тұжырым жасаған.
Сондай-ақ, ешкі сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері, аскорбин қышқылына өте бай. Бұдан бөлек, ғалымдар балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүті құнарлы келетінін анықтаған. Әрине, бала үшін ана сүтіне жететін тағам жоқ, бірақ жасанды немесе аралас қоректендіруде ешкі сүті ана сүтін алмастыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады. Және бір айта кететіні, ешкі туберкулез, бруцеллез сынды өзге малдарда кездесетін аурулармен ауырмайды.
Қазір кәсіпкерден ешкі сүтін сатып алушылардың қатары молайған. Олардың көпшілігі түрлі дертке шалдыққан науқастар мен жаңа туған балаға қосымша қорек ретінде сатып алушылар екен.
– Ешкі малын өсіру маған тыңнан келген жақсы идея болды. Алдағы уақытта мал басын молайтсам деймін. Және сүтінен түрлі өнімдер жасап, сату да жоспарда бар , - дейді Эльвира Жарасқызы.
«Ебін тапсаң, ешкі бақ» деп дана жұртымыз. Нақты кезеңде жекелеген кәсіпкерлеріміз ешкі шаруашылығын дамытуды біртіндеп қолға алып жатыр. Бұл әрине, бәрімізді қуантады.
Естеріңізде болса, жыл басында облысымызда 2018 жыл – «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» ретінде жарияланған болатын. Ұзаған айдың мәресінде, яғни 31 шілде күні облыс әкімі аймақтағы жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселесінің маңыздылығын есепке ала отырып, оның мерзімін 3 жылға дейін ұзартты. Бұл туралы кәсіпкерлік саласының дамуы мен кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында өткен жиында белгілі болды.
Жағымды жаңалыққа қуанбаған жан жоқ шығар. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» енді 2018-2020 жылдарды қамтиды. Бұл аймағымыздағы әрбір адамның кәсіп жасауына зор мүмкіндік деген сөз.
02 тамыз 2018 ж. 579 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области