Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БӘСЕКЕЛЕСТІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

БӘСЕКЕЛЕСТІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ


Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек», - деген болатын. Осылайша озық отыздыққа енудің негізгі алғышартын бағамдап берді. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды ұлықтай отырып, өскелең ұрпақты бәсекеге бейімдеуді жіті тапсырды. Осы бағытта Жаңақорған ауданы әкімі Ғалым Әміреев жастармен жиі кездесіп, бағыт-бағдар көрсетіп отырады.
Жастарды бұқаралық спортқа кеңінен тарту, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында оңтүстік жастарының кезекті шарасы «Тау самалы» тынығу лагерінде өтті. Алдымен, аудан басшысы Шалқия кенті мен Құттықожа және өзге де ауылдық округтерден келген белсенді жастармен еркін сұхбат өткізді. Жалындап тұрған жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауап алды.
Мемлекет басшысы «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бекерден-бекер айтқан жоқ. – Елбасы айтқандай ХХІ ғасыр жастардың білімді, әрі бәсекеге қабылетті болуын талап етеді. Әсіресе, ұлттық құнылықтарды дәріптей отырып, кәсіпкерлік саласында дамудың тетігін тапқан ұлт қана бәсекелестік ортада өзін таныта алады.
Жуырда жастарға арналған «Zhas projekt» жобасы аймаққа да келді. Оның қорытындысы бойынша Жаңақорған жастарының жобасы аудандар арасында көш бастады. Бұл да аудан жастарының жетістігі. Енді осы жұмысты жүйелендіру керек. Ал, ұлттық ойындарға келсек, бұл жағынан біздің аудан өзгелерге өнеге бола алады, – деді Ғ.Әміреев.
Расында, жаңақорғандық саңлақтар ұлттық спорт, әсіресе ат спортынан облыста оқ бойы озық тұр. Көкпар мен теңге ілуден Сыр абыройын асқақтатып жүрген осы ауданның білектілері. Тоғызқұмалақтан жас спортшылардың аяқ алысы жаман емес. Ендігі меже кәсіпкерлік бағытында да табысты болу жолы тұр.
Кездесу барысында қатысушылар ойларын ортаға салып, алдағы жоспарлармен бөлісті. «Zhas projekt» жобасына қатысып, қайтарымсыз грантты жеңіп алған жастың бірі Жеңіс Бексейіт Жаңақорған ауданында кенде қалған кәсіппен айналысуды жөн көріпті. Оның жобасы – «Радиоэлектроника, тұрмыстық техника жөндеу орталығы» деп аталады.
– Бұл жоба қазіргі нарыққа ауадай қажет. Себебі, күнделікті тұрмыста қолданылатын техниканың тілін түсіну қиын. Сондықтан, ауылдағы жастардың басын біріктіріп, осындай жобаны ұсынып көрген болатынбыз. Жоба мақұлданып, жақын арада қызметке кірісетін боламыз. Ең бастысы, қолдау бар, енді тек сапалы қызмет көрсету міндеті тұр, – деді жас кәсіпкер. Айта кетейік, жоба аясында 100-ден аса жастар облыс орталығына өтінім берген, соның 69-ы қолдау тауып, 1 млн. теңгеге қол жеткізетін болды.
Бас қосу барысында жастар ұсыныстарын жеткізіп жатты. Тақырып спортқа қатысты болғаннан кейін Аққорған ауылдық округінде бой көтерген спорттық кешеннің құрметіне аудан әкімінің жарысын ұйымдастырылса деген тілегін жеткізді. Аяқ допқа әуес жастар шағын футболдан турнирдің өткенін қалайды. Кездесу соңына қарай ұлттық ойындардан кішігірім жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Алдымен, асық ату ойынын тамашалаған Ғ.Әмірееев арқан тартыс, қол күрес, тоғызқұмалақ және шахматтан өткен ойындарды көріп, алдағы уақытта жиі жарыстар ұйымдастыру керектігін айтты. Иә, жастар келешектің кілті, оларға дұрыс бағдар көрсетіп, бәсекелестік ортаға бейімдеу заман талабы. Осы үдерісті тиянақты іске асыра білген ұлт ғана ұтады.

Ә.ТЕМІРБЕК,
Жаңақорған ауданы
03 тамыз 2018 ж. 1 468 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области