Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісін нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.
Саяси құжатта сананы жаңғырту, ұлттық құндылықтарымыздың жаһандық сұраныспен үйлесім табуы, егемен елдің кемел келешегін қалыптастырудағы мақсат-мүдделер тоғысқан өзекті мәселелер көтерілген. Елбасы өз еңбегінде жаңғырудың негізгі қызметін атап өтті. «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» деген болатын. Түсінгеніміздей, әлем көшіне ілесе отырып, рухани қазынамызды, ұлттық кодымызды сақтауға болады және келешек жастардың бойына патриоттық сезімді дарыту, ел дамуында рухани салаға басымдық беру қажеттілігі жолға қойылып отыр. Яғни, салт-дәстүріміздің, тіліміз бен әдебиетіміздің, мәдениетіміздің желісін үзбей, жаңа ғасырдың талаптарымен ұштастыру болмақ.
Қазіргі таңда Қазақстан өзге дамыған елдердің іс-тәжірибелерін тұтына отырып, ғаламда өз биігін қалыптастыруға, бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарынан орын алуға күш жұмсауда. Нақты қадамдардың алғашқы бөлігінде дамыған отыз елдің қатарына қосылу мақсаты тұр. Осы тұста Президент: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Мен көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдімін. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Күллі жер жүзі көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» деген еді.
Сонымен қатар, мақаладағы аса назар аударылған мәселе – бәсекеге қабілетті мемлекет. Әрине, мемлекетті білім саласында биікке көтеріп, болашағын айқындайтын – бүгінгі жастар. Ал, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру үшін алдымен білім саласының дамуы маңызды. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жете алады. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» деген ел Президенті әрбір Қазақстан азаматы ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керектігін айтады. Бүгінгі күні компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына қажетті алғышарттардың санатында. Осы орайда Елбасы «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы деп біледі.
Жалпы, рухани жаңғыру аясында қоғамда көптеген жүйелі жұмыстар жүзеге асты. Жарқын бастамалар бой көтерді. Мемлекет басшысының саяси құжаттағы қуатты сөздері болашаққа үлкен мақсат қойып, қазақстандықтарға соған жету жолында дем береді деп ойлаймыз.
12 шілде 2018 ж. 3 166 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области