Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ШЕБЕРДІҢ МҰРАТЫ

ҚАРМАҚШЫЛЫҚ ШЕБЕРДІҢ МҰРАТЫ


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» - деген еді. Ата-бабамыздан жеткен рухани құндылықтарымыздың заман ағымына қарай жаңғыртып жүрген жастар аз емес. Жаңғыртып қанай қоймай, жас буынға білгенін үйретіп жүрген қолөнер шебері Самалбек Бурабаев сирек кәсіпті меңгеріпті.
Иә, қармақшылық жігіт мүйізден мүсіндер жасайды. Шебердің айтуынша, əбден тазаланып, суға қайнатылған мүйізден көздің жауын алар жан-жануарлардың, құстардың мүсіндерін жасайды.
– Мен мектепте еңбек пәнінен сабақ беремін. Қолөнермен айналысу үшін ең әуелі ынта-жігер мен ептілік қажет дер едім. Мүйізді өңдеу үшін аптадай уақыт кетеді. Әуелі суға салып, жібітіп аламын. Содан кейін ыстық суға қайнатып немесе ыстық қоламтаға салып балқытып алса, кесіп, жонуға жеңіл болады. Мұндай жұмсарып, балбыраған мүйізді июге, қалыпқа қысып кез келген пішінге келтіру оңай. Бабына келіп тұрған кезінде пышақпен еркін жона беруге болады, - деп ойын өрнектеді шебер.
Мүйізден мүсін жасайтын шебер өзіне мәлім өнер туралы кітап жазғысы да келеді. «Әкем ер-тұрман, ер-тоқым, қамшы жасайтын. Қолөнерге ықыласымның оянғаны содан болса керек. Мен мүйізден түрлі бұйым жасауға машықтандым. Бүгінде оқушыларға еңбек пәнінен сабақ беремін әрі оларды қолөнер бұйымдарын әзірлеуге баулып келемін. Балалардың да қызығушылығы жоғары», - дейді шебер.
Бүгінде қөлөнершінің қолынан шыққан дүниелер жұртшылыққа кең танылған. Тапсырыс берушілері қатары да артып келеді екен.
Айта кетейік, Самал Бурабаевтың жасаған мүсіндері өткен жылы Қорқыт ата мемориалдық кешені жанында ұйымдастырылған Этноауылға қойылды. Былтырғы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің бір нысаны болып танылған Қорқыт ата мемориалдық кешені мен ондағы этноауыл көрмесін бірнеше мыңдаған турист тамашалады. 





03 тамыз 2018 ж. 701 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области