Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 67 ШАРУАШЫЛЫҚ БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗІН ПАЙДАЛАНЫП ОТЫР

67 ШАРУАШЫЛЫҚ БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗІН ПАЙДАЛАНЫП ОТЫР


Нақты кезеңде Қызылорда облысында 67 шаруашылық баламалы энергия көзін пайдаланып отыр.
Олардың дені бау-бақша егіп, мал басын көбейтумен айналысып отырған шаруа қожалықтары. Күн мен желден алынған қуат көзі негізінен ұңғымалардан су шығаруға және тұрмыстық қажеттіліктерге керек. Мәселен, Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында төрт түлікті тең өргізіп отырған Нышанбек Молдашев малшылар үйі мен жылжымалы қосындарын түгел күн панельдерімен жабдықтап қойған.
Бұған дейін шопандар электр қуатын алу үшін тонналап жанар-жағармай тұтынып келсе, енді тегін тоқ көзін тәулік бойы пайдаланады. Ең бастысы, жасыл экономика бағытын ұстанған шаруашылықтардың 80 пайызға дейінгі шығыны мемлекет тарапынан субсидияланып отыр.
Нышанбек Молдашев, шаруа қожалықтың төрғасы:
– Бүгінгі таңда 10 жылжымайтын үйге қойдық, 5 жылжымалы шаруашылықтың вагондарына қойдық. Шопандар қалаған жеріне барып, құдыққа мотор салып пайдалана береді. Шаруашылықта заманына қарай қазір компьютер бар, телевизор бар, күнделікті жаңалықтар көру керек бала-шағамыз. Шаруашылықтағы балаларымыз келешегіміз ғой. Олар әлем жаңалықтарынан, ел жаңалықтарынан қалмау керек. Сондықтан барлығына қоюға бел буып, қойып шықтық.

Дереккөз: 24.kz
03 тамыз 2018 ж. 604 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области