Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ


Жалағаш аудандық орталық алаңындағы 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар құрметіне қойылған ескерткіші майдан даласында шейіт болған екі мыңнан аса жалағаштық боздақтарды мәңгі есте қалдыру мақсатында 1975 жылы орнатылған. Жуырда ауданның белсенді жастары осы ескерткіш маңына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жасотандықтар бұған дейін де қарапайым батырлардың ескерткіштерін әрлеп, өз күштерімен тазалық жұмыстарын жүргізген болатын. Енді "Аудандық жастар ресурстық орталығы" және "Жас Отан" жастар қанатының  ұйымдастыруымен «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» тақырыбы аясында игілікті шара өз жалғасын тапты.
– "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі" бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр – тарих. "Ел ерімен еңселі", "Елім" деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр-аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Осы орайда аудан жастары сол қайсар батыр аталарымыздың ескерткіш тақталарын тазартты. Мұндай игілікті шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады, – дейді «Жас Отан» жастар қанатының өңірдегі басшысы Н.Серәлі.
Тарихшылардың айтуынша, бұл «Ер есімі – ел есінде» ескерткішінің тұғыры (пьедестал) қызыл кірпіштен тұрғызылып, сыртынан қара, қоңыр түсті кафель плиткаларымен қапталған. Ал тұғырдың қас бетіне Отан соғысы орденінің суреті, оның астына «1941-1945» деген жазулар мен георгий лентасы және лавр бұтақтарының суреттері қашалған мрамор плитасы бекітілген. Ескерткіш тақта алдына «Мәңгілік алау» бесжұлдызы орналасқан тұғыр орналасқан.
Айта кетейік, қабырғада екі қатар болып боздақтардың аты-жөні, туған және қайтыс болған жылдары қашалып жазылған мрамор плиталары қағылған. Ескерткіш Москва облысының Мытищи қаласындағы металлургия зауытында қоладан құйылып, сыртынан күміс түстес бояумен боялған.
Ескерткіштің биіктігі – 5 метр. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында яғни, 2015 жылы аталған ескерткішке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Қорғау» тақтасы мен мемориалдық тақта орнатылды.
Бүгінде аудан жастары бұл жердің тазалығын сақтап, ескерткішті күтіп ұстауға өз үлестерін қосып жүр.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ,
Жалағаш ауданы
04 тамыз 2018 ж. 1 061 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области