Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» – АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫТУ МҮМКІНДІГІ

«АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» – АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫТУ МҮМКІНДІГІ

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев алдағы бес жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырғаны белгілі. Осы ретте аймақта ауыл шаруашылығы саласына ақылды технологияларды енгізу бағытындағы қарқынды тірлік бұл істердің лайықты бастамасы болары анық.
Иә, қазіргі таңда егін егіп, дәнді дақылдарды өсіру жеткіліксіз. Сондықтан агросалаға «ақылды технологияларды» енгізіп, оның тілін таба білуіміз керек. Мұнымен қоса шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өнім шығару да уақыт талабы. Осыны ескерген Қызылорда қаласындағы Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары сала өкілдеріне арнап бірнеше мәрте семинар ұйымдастырды.
Демонстрациялық семинардың тақырыбы «Жаңа технологиялар мен сорттарды өндіріске енгізу». Аты айтып тұрғандай егіс даласындағы атыздарда көшпелі түрде өткен жиынның мақсаты ерек, мәні бөлек. Қатысушылар алдымен Сыр өңірінде алғаш рет қолданысқа енген агродронның жұмысымен танысты.
Айта кетейік, аталған институттың кіші ғылыми қызметкері Айдос Жалбыров агродронның тілін меңгеру үшін арнайы оқу курсынан өткен. Нақты кезеңде жас маман егіс басында ұшу қондырғысын емін-еркін басқарып жүр. Ол автоматтандырылған жаңа технологияның артықшылығы көп екенін айтып отыр.
Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы» ҒЗИ ЖШС бас директоры Серікбай Өмірзақовтың пікірінше, институт мамандары тек күріш сорттарын ғана емес, бақша өнімдерге де мән беріп келеді. Мәселен, жергілікті ғалымдар соңғы үш жылдан бері қауынның 60-қа жуық сортын тамшылатып суару әдісімен тәжірибеден өткізуде.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, бас директордың орынбасары Әсет Тоқтамысовтың айтуы бойынша, бүгінгі таңда ғылыми зерттеу институтының тәжірибе алаңында күріштің 17 түрі сыналуда. Ресей, Өзбекстан, Украина және ирандық сорттармен қатар жергілікті ғалымдар өздері ашқан жаңа сорттар да сынақтан өтіп жатыр. «Басты мақсат – өнімдігілі жоғары, сапалы тұқым сортын дайындау», - дейді ол.


06 тамыз 2018 ж. 765 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области