Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖҰЛДЫЗ ӘБДІКӘРІМОВА "ХИДЖАБЫН ШЕШІП, ҚҰТЫРДЫ" ДЕГЕН ЕЛДІҢ СӨЗІНЕ НҮКТЕ ҚОЙДЫ

ЖҰЛДЫЗ ӘБДІКӘРІМОВА "ХИДЖАБЫН ШЕШІП, ҚҰТЫРДЫ" ДЕГЕН ЕЛДІҢ СӨЗІНЕ НҮКТЕ ҚОЙДЫ

Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова өзін құтырған әйел деп сөккендерге жауап берді. Жұлдыздың айтуынша, оның желіде таралып кеткен суретіне қарап, желі қолданушылары хиджап киген деп болжаған. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында айтты деп жазады NUR.KZ.
Жұлдыз өзін хиджап киіп, кейіннен шешіп тастады деп сөккен жұртқа жауап берді. Ол ел арасында қызу талқыға түсіп, таралып кеткен суреттегі киімі хиджап емес екенін айтты.
"Осы фотосуреттің өмірбаянын қысқаша жазып кетпеске болмас, себебі көптеген басқа парақшаларда қыдырып, ел арасында қызу талқыға түсіп жүр екен. Әркім өз тарапынан әртүрлі нұсқалар жазып, тіптен қазір мені (хибжабын шешіп тастап) құтырған әйел деп те ойлайды екен.
2009 жылы Астана қаласында, "Мега"-ның ішінде Сезімді ойнатып болып, отырған сәтте естелікке "өзімізге" деп түскен едік негізі. Ескі танысымыздың телефонына түскенбіз.
Менің жасым шамамен 20-да, жүктілік - 8 ай (Алауға), Сезім 1 жаста, Ақпатшамды айына 1-ақ рет көрсем көрдім, көрмесем "ақ жол" тілеп отыратын кез. Себебі сол кезеңдерде концерттік бағдарламамен гастрольдік сапарға көп шығатын.
Үстімдегі киімге тоқталатын болсақ: басымдағы қара повязка. Шашым ұзын. Үстімдегі кең қара туника (иығымның бір кішкене бөлігі көрініп тұр)", - деп жазады ол.

07 тамыз 2018 ж. 1 074 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области