Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘСКЕУДЕ ЖҮРГЕН ЕРКЕ ЕСМАХАННЫҢ ӘРЕКЕТІ ЖҰРТТЫ АШУЛАНДЫРДЫ

МӘСКЕУДЕ ЖҮРГЕН ЕРКЕ ЕСМАХАННЫҢ ӘРЕКЕТІ ЖҰРТТЫ АШУЛАНДЫРДЫ


Бүгінде Мәскеуде жүрген Ерке Есмаханнің Instagram желісіндегі жазбасы елді ашуландырды. Ресейдегі сауда үйіндегі қайғылы оқиғаға қатты толғанған жұрт Еркенің әзілді жазбасын ұнатпай, оның марқұм болған сәбилер туралы бір ауыз сөз жазбағанына реніш білдірді, деп хабарлайды Nur.kz Nuradam.kz сайтына сілтеме жасап.
"Еріккеннен келді дейсіздер ма Москваға?! Бузованы іздеп жүрмін, ертең таппасам қайтам!", - деп жазып қойған эстрада жұлдызы. Сонымен бірге, ол желіге бірнеше суретін жүктеп, өзінің көңіл-күйінің көтеріңкі екенін жазып қойған.
Мұны оқыған оқырмандар қыдырып, суретке түсіп жүрген әншіні сөгіп тастады. Жазбаға аз уақыттың ішінде 1000 астам адам пікір қалдырып, олардың дені жұлдыздың Кемереводағы қайғылы жағдай туралы, өрттен көз жұмған балалар туралы бір ауыз сөз жазбауын сынап тастаған.
"Олар қайғырып жатқанда, сіздер солайдың төріне барып тайраңдап фотоғо түсіп жүргендеріңе ұялмайсыңдар ма? Қаралы күн ғой, тым болмағанда 4-5 күн күте тұрмадыңыздар ма салмай", "Қалай білмейді сол елде жүріп?! Инстаға кіріп фото салғанды біледі, ашып қалсаң Кемерово... Не деген санасыздық!", "Мәскеу халқында қаралы күн. Тірідей жанып кеткен сәбилердің отбасына көңіл айтпайсың ба?", "Білмесең айтайық Мәскеуде траур. Қаншама балапан шырылдап өмірден кетті. Тіпті өзіміз фото салуға ұялып отырғанда сенікі тым ұят сияқты", - деп жазды олар.
Дегенмен де, әншіні қолдап, оны сөккендерге жауап беріп жатқандар да табылды. Олардың айтуынша, Ресейдегі қаралы күнмен өмір тоқтап қалмайды. Соендықтан, Еркені сынау орынсыз деп санайды олар.
28 наурыз 2018 ж. 666 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области