Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕҢБЕК ЕЛЕНУІМЕН МӘНДІ

ЕҢБЕК ЕЛЕНУІМЕН МӘНДІ


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы руханият әлемінің көкжиегін кеңейтіп, мәдени мұралардың маңыздылығын айқындай түсті. Әрі «Туған жер» бағдарламасы аясында бірқатар жобаларды жүзеге асыру керектігін мәлімдеген болатын. Яғни: «Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-кұрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Әсіресе, «Туған жер» бағдарламасы бұл бағыттағы жалпұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады» деген еді. Расында бұл бағытта елімізде ауқымды шаралар легі өтуде. Сондай тарихқа тағзым етерлік рухани басқосудың бірі Жаңақорған ауданы, Құттықожа ауылында өтті.
Мемлекет үшін ең маңызды байлық – халық саулығы. Ел игілігі үшін еңбектеніп, шипагерлік ілімнің ізіне түскен жанның есімі мәңгі өшпейді. Міне, осындай уақыт өткен сайын қадір-қасиеті, абырой-беделі артып, рухы кемелденген жандардың бірі Әбіл Нұрбаевтың құрметіне өткен жылы өзі қызмет еткен медициналық пунктке есімі жазылған тақтайша ілінсе, биыл ауылдағы ең үлкен көшеге есімі берілді.
Көшенің ашылу салтанатты шарасында Шалқия кентінің әкімі Молдахмет Ауанов сөз алды.
– Туған елі үшін ғұмыр бойы еңбек еткен іскер азаматтар жетерлік. Олардың төккен тері мен еткен еңбегін елеу – біздің борышымыз. Осы тұста, Әбіл Нұрбаев өзінің кіндік қаны тамған елінде абыройлы қызмет етіп, ауылдағы ағайынның алғысына бөленген ізгі жүректі жан.
Аядай ғана ауылда дәрігер болып, үлкен құрмет биігіне жетті. Еңбегі еленіп, кешегі кеңес заманында «Құрмет белгісі» орденімен, «ССРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Міне, осындай жетістіктерінен-ақ дәрігердің қандай кәсіби білікті жан болғанын байыптауға болады, – деді.
Ұрпақтар сабақтастығы мен үлкенге құрмет көрсетудің үздік үлгісімен үндескен шарада Жаңақорған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов пен аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пахмадин Айнақожаев еңбек ардагерінің адамгершілік қасиетін сөз етті.
– Мамандықтың ең қадірлісі – дәрігерлік. Еліне адал қызмет еткен ақ халатты жандарды жұрты ешқашан ұмытпайды. «Дәрігер – жанның арашасы» деп текке айтылмаса керек. Көшеге атау берудің өзі жауапкершілігі мол іс. Әбілдей арлы азаматтың рухына кір келтірмеу үшін көшенің тазалығы мен тәртібіне жауапкершілікпен қарауға атсалысыңыздар. Ендігі уақытта абзал ағаның рухын көтеру ауалдастарына байланысты, – деді бөлім басшысы.
Сондай-ақ денсаулық сақшыларының тізгінін ұстаған Сәулебек Ысқақов та інілік ізет білдіріп, естелігімен бөлісті.
– Дәрігер болу – үнемі ізденісті қажет етеді. Себебі, ауру түрлері күн санап жаңарады. Алдыңа келген науқасты қалай сауықтырамын, қалай дертінен айықтырамын деп жүріп, өз уақытыңның зулап жатқанын аңғармай қаламыз. Міне, Әбіл ағамыз жан-жақты білімді жинап, бір арнаға сыйғызып, өте қиын заманның өзінде күрделі ауруға төтеп берді. Өз денсаулығына араша бола алмаса да, өз халқының денсаулығын ойлап, елдің ыстық ықыласына бөленді. Оның әрбір ісі жас дәрігер қауымға үлгі бола алады, – деді ауданның бас дәрігері.
Дәрігердің қызметтес інісі Әлмахан Баубеков:
– Әбілдің білімділігі елге аян еді. Алыс-жақын ауылдағы тұрғындар жаны сыздап, сүйегі сырқағанда осы дәрігерді арнайы алдырып, жанына шипа табатын. Қаратау етегіндегі қойшылар қауымы Әбіл дәрігердің тынымсыз еңбегіне куә. Айдаладағы шопанның сырқаты үшін атқа қонып, күннің ыстық-суығына қарамай жәрдемге келетін. Өте ауыр науқасты ат арба мен есек арбаға салып, Бірліктегі ауруханаға өзі таситын еді, – деп азаматтың ақжарқын мінезін тілге тиек етті.
Иә, саналы ғұмырын ауылдастарының денсаулығына арнаған арда азаматтың еңбегі еленгені қуанышты хабар.
Ел игілігі жолындағы қызметінен қолы қалт етсе болғаны, бос уақытын отбасына арнап, үлгілі әке бола білді. Ал жары Дәрменова Әтіркүл екеуі 33 жыл бойы елдің саулығы үшін еңбек етті.
Әбіл Нұрбаев медпункт меңгерушісі болса, Әтіркүл апамыз аналадры аман-есен босандырып, қаншама сәбидің жарық өмірге келуіне жәрдем етті. Ауылда «Кіндік шешей» атанған ана адал бейнеті мен қарапайым мінезімен елге сыйлы. Қос дәрігердің отбасында 5 перзент тәрбиелеп өсірді. Бүгінде олар да өмірден өз орындарын тапуып, егемен еліміздің дамуына үлестерін қосып жүр.
08 тамыз 2018 ж. 656 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области