Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА БІЛІМ САЛАСЫНДА БИЫЛ 15 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІЛІМ САЛАСЫНДА БИЫЛ 15 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ


Аймақта білім берудің сапасын арттыру жұмыстары өз жалғасын тауып келеді. Жыл басынан бері 4 мектеп және 6 балабақша пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 4 мектеп және балабақша екінші жартыжылдықта пайдалануға берілмек.
2014 жылдан бастап Қызылорда облысы мектеп түлектерін мақсатты түрде үздік отандық және ресейлік жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға жіберуде. Алғашқы 62 студент Ресейдің маңдайалды инженерлік оқу орындарының дипломдарын алып, елге оралады, олардың ішінде 13 түлек магистратурада оқуларын жал¬ғастыруды жоспарлап отыр. Өңір бұл жастарға айрықша үміт артады.
Қазіргі таңда облыстың бірқатар кәсіпорындары түлектерді жұмысқа қабылдауға дайын. Айталық, «КазАтомПром» кәсіпорны 11 жаңа жас маманды, ал, «Гежуба Шиелі Цемент» серіктестігі 8 адамды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отырса, «СКЗ-U» күкірт қышқыл зауыты, Қызылорданың аз тонналы мұнай өңдеу зауыты, «Кристалл менеджмент» және басқа да ірі кәсіпорындар түлектерді жұмысқа қабылдауға тілек білдіріп отыр. Бірқатар түлектер мемлекеттік қызметтің кадрлық резервіне алынатын болады.
Жыл сайын ауылдық жерлердегі көпбалалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан түлектер үшін облыс әкімінің 100 гранты бөлінеді. Бүгінде мұндай грантты иеленушілердің саны 700 адамға жетті.
Биылдан бастап облыс әкімінің грантын 2 есеге өсірілді. Олардың 70% ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға бөлінетін болады.
Сонымен бірге, жыл сайын Қазанның «Иннополис» университетімен қызылордалық балаларды оқыту туралы келісім жасалды. Мәскеудегі «Сколково» инновациялық орталығымен ынтымақтастық орнатылуда.
Ағымдағы жылдан бастап М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің «Киберқауіпсіздік» және «Процестерді математикалық модельдеу» мамандықтары бойынша Қызылорда жастарына магистратурада оқу үшін 20 грант бөлінген. Бұған қосымша үстіміздегі жылдың шілде айының басында Астанада ЕвраАзЭС-тің парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университетпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оның құрамына 3 институт, 4 факультет, 17 кафедра кіреді.
Жоғары оқу орнының негізгі мамандықтары «Юриспруденция», «Сервис», «Туризм», «Экономика», «Менеджмент», «Кеден ісі», «Жарнама және жұртшылықпен байланыс», «Конфликтология», «Дизайн», «Декоративті қолөнер және халықтық кәсіпшілік», «Сауда ісі», «Психология». Бізге қажеті де осы.
Қазір – қабілеттілікке қол жеткізетін ең қажетті деген маман кадрларды дайындау заманы. Біздің өрендеріміз білім алатын университеттің жаңа бағыттарының бірі – бизнес-информатика. Осы мамандық аясында цифрлы экономиканың дамуы кезінде маңызды болып отырған блокчейн және криптовалютаны меңгеретін болады.
Университет жыл сайын түсу емтихандарын сәтті тапсырған Қызылорда облысының түлектеріне 10 білім беру грантын бөлетін болды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша орташа балл 85,82-ні көрсетті, бұл былтырғы (82,4) көрсеткішпен салыстырғанда 3,5 балға жоғары. Сонымен қатар, биыл 100 балдан жоғары жинаған оқушылар қатары да былтырғы жылмен салыстырғанда (20%) өсіп, 23,8%-ке жетті. Бірнеше жылдан бері біздің аймақ ҰБТ көрсеткіштері бойынша алдыңғы бес облыстың қатарына кіреді.
15 тамыз 2018 ж. 585 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области