Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖАҢАҚОРҒАН ЖӘНЕ ШИЕЛІ АУДАНДАРЫНДА 5 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ЖАҢАҚОРҒАН ЖӘНЕ ШИЕЛІ АУДАНДАРЫНДА 5 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН АШЫЛДЫ


      Жаңақорған ауданында мектеп, балабақша және спорттық-сауықтыру кешені, ал Шиеліде Мәдениет үйі мен тағы бір спорт кешені пайдалануға берілді.
      Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев нысандардың ашылу рәсіміне қатысты.
      Жаңақорған ауданының Түгіскен ауылында 140 орындық балабақша мен спорттық-сауықтыру кешені ашылса, Қожамберді ауылында 200 орынға арналған мектеп пайдалануға берілді. Білім ұясының бұрынғы ғимараты 2000 жылы асар әдісімен салынған.
      Облыс әкімі мектеп ұжымын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
      «Біздің басты міндетіміз – өскелең ұрпаққа жағдай жасау. Бірнеше жыл бұрын аймағымыз республика бойныша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің деңгейі бойынша соңғы орнында тұрса, қазіргі таңда негізгі көрсеткіштер бойынша көшбасшылар қатарындамыз. 5 жыл ішінде 200 жуық әлеуметтік нысан салынды», - деді аймақ басшысы.
      Атап өтейік, 5 жыл ішінде Қызылорда облысында салынған әлеуметтік нысандардың ішінде 45 мектеп, оның 37-сі апаттық нысандардың орнына салынды. 2014 жылдан бастап 452 түлек Ресей Федерациясы Үкіметінің гранттарын жеңіп алып, Санкт-Петербург пен Мәскеу қалаларындағы оқу орындарына оқуға түсті. Одан бөлек, келесі жылдан бастап жыл сайын 20 қызылордалық студент Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасында оқитын болады. 2013 жылдан бастап 700 жуық түлек облыс әкімінің грантын алды, биыл тағы да 159 грант қарастырылмақ, оның 70 пайызы IT-мамандықтарына бөлінеді. Тағы бір үлкен жетістік – өткен жылғы түлектердің 97 пайызы жоғары және орта арнаулы оқу орнына түсті.
      Биыл Шиелі ауданы 90 жылдық мерейтойын атап өтпек. Атаулы күнге орай ауданда Мәдениет үйі мен спорттық-сауықтыру кешені ашылды.
      Облыс әкімінің айтуынша, 2013 жылдан бастап ауданда 6 ауылдық клуб, Ы.Жақаевтың туған ауылында музей, тарихи-өлкетану музейі салынды. Тағы да 11 мәдени нысан күрделі жөндеуден өтті, ал жыл соңына дейін Тартоғай ауылдық округінде 150 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілетін болады.





27 мамыр 2018 ж. 1 297 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области