Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШОБ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 90 МЫҢ АДАМ ҚАМТИДЫ

ШОБ: ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 90 МЫҢ АДАМ ҚАМТИДЫ


Қызылорда облысында биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны – 51 753-ті құрады. Бұл өткен 2017 жылға қарағанда 6,3 пайызға артық.
Бұл туралы өңірлік коммунникациялар орталығында жарты жылдың қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким айтып берді.
2018 жыл облысымызда «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланғаны белгілі. Кешенді «Жол картасы» әзірленіп, нәтижесінде ағымдағы жылы барлық қаржы көздерінен 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлу көзделуде.
Айта кетейік, қабылданған қажетті шаралардың алғашқы нәтижелері байқалып, биылғы жылы облысымызда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер 11%-ке көбейіп отыр. Аталған көрсеткіш бойынша нақты кезеңде Қызылорда облысы аймақтар арасында көш бастап тұр.
Қазір аймағымызда шағын және орта бизнесте (ШОБ) еңбек етіп жүргендер саны – 83 144 жанды құрады. Жыл соңына дейін олардың қатарын 90 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Жұмыссыздықты азайту үшін шағын және орта бизнесті дамыту үлкен рөл атқаратыны белгілі.
Биыл қайтарымсыз грантқа жоба ұсынғандар қатары мол болды. Конкурстық комиссия жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын 224 жорбаны мақұлдаған. Оның 159-ы жұмыссыз тұрғындардың жобасы болса, 22 жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға тиесілі, 25-і-жастар, қалған 18-і стартапшылар үлесінде.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша биылғы жылы 1600 жанды оқыту көзделсе, бүгінге дейін 796 адам оқудан өткен. Оның 704-і жобаларын қорғаған.
Ал «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқытылуға тиісті 1016 адамның 800-і оқудан өткізілді.
16 тамыз 2018 ж. 564 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области