Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ҮШІН


Бүгінгі таңда облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен жалғайтын 211 тұрақты автобус қатынасы ұйымдастырылған.
Облыс орталығынан Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Жезқазған, Сарыағаш және Жібек Жолы (Черняев) қалаларына күнделікті жолаушы тасымалдау қызметтері де көрсетіледі.
Сонымен қатар, автомобиль көлігімен халықаралық бағыттағы жолаушы тасымалын жетілдіру мақсатында 2018 жылдың 18 шілдесінен бастап халықаралық «Қызылорда-Ташкент-Қызылорда» тұрақты маршруты іске қосылды.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтің айтуынша, 2018 жылдың І-жартыжылдығы бойынша 177,5 млн. жолаушы тасымалданып, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға өсіп отыр.
Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына қалаішілік қоғамдық көлік қатынасын дамыту мақсатында СNG отынымен қозғалатын автобустар сатып алу жобасы бойынша инвестициялық ұсыныс, салалық қорытынды және қаржылық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, ұсынылды. Осының негізінде, облыстық бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлініп,
2018 жылдың мамыр айында «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-не 10 автобус сатып алынып, қалаішілік қоғамдық маршруттарда жолаушы тасымалдау қызметін көрсетуде.
2017 жылдың тамызынан қала көлемінде қызмет көрсететін автобустар үшін үздіксіз жұмыс жасауына жағдай жасайтын түрлі мүмкіндіктері қарастырылған, яғни арнайы тұрақтар, жанар-жағар май бекеті, көлік жуу алаңы және автобустарға техникалық байқау және жөндеу цехтары бар жаңа коммуналдық автобус паркі іске қосылды.
- Бүгінде Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тізіміне Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 3 автовокзал және 10 автостанса енгізілді. «Жобалық басқару» жобасы шеңберіндегі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізінде 2 жоба қолға алынды. Бірі «Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттік жүйесін орнату», екіншісі, Қызылорда қаласындағы «Салтанат» ЖШС автовокзалына «НАС» автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу, - дейді облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов.
Аталған жобалар іске асырылғанда жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасының артуына, тасымалданған жолаушылар санының ашықтығына, жолаушылар тасымалының тиімділігін жоғарылатуға, кірістер көзінің артуына қол жеткізілетін болады.
17 тамыз 2018 ж. 795 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области