Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ


Соңғы жылдарды мемлекет тарапынан әлеуметтің әлеуетін арттыруды көздейтін көптеген бағдарламалар әзірленді. Бұл жұмыссыздық мәселесін түбегейлі жоймаса да іскер азаматтардың кәсібіне жан бітіріп, жастарды жұмыспен қамтуға жол ашты.
Мәселен, Жалағаш ауданында жыл басынан бері 354 жаңа жұмыс орыны ашылып, 571 адам жұмысқа тартылған. Ал статистика мәліметтеріне сәйкес екі қолға бір күрек таппай жүргендердің қатары әлі де 5 пайыздан асып жығылады екен. Өткен жылдары осы мәселенің түйінің шешуді көздейтін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Бұл құжат іс жүзінде іске асырылғаннан бері кент және алыс-жақын ауылдағы жұмыссыз жүрген ағайындар кәсіп ашып, бастаған істерін одан әрі дөңгелетуге кірісті.
Бүгінгі күнге ауданда өзін-өзі жұмыспен қамтыған 40 адамға 113,6 млн теңге шағын несие берілді. Бұған қол жеткізгендердің 22-сі кәсіпкер атанып, қолға алған ісін бастап кетті. Айта кету керек, 2018 жылы ауданда алғаш рет бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқыту, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеу бойынша «Бастау Бизнес» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 170 адамды қамту жоспарланса, есепті мерзімге өзін-өзі жұмыспен қамтыған 68 адам жолдама алыпты.
Тағы бір қуантарлық жайт биылдан бастап жұмыссыз азаматтардың жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Қазіргі таңда өңірде 70 жобаға 16,8 млн теңгенің сертификаты табысталыпты.
Бұл бағдарламаның үшінші бағыты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамытуды көздейді. Осы орайда жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылғаның жеткізген Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова әлеуметтік жұмысқа есепті мерзімде 58 адам, «Жастар тәжірибесі» бойынша 120 жас маман жұмысқа жіберілгендігін айтады. Ал қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жыл басынан бері 366 тұрғын жұмысқа тартылған.
Жыл басынан бері 6 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіпті. Онда жұмыс берушілер жұмыссыз азаматтармен тілдесіп, мамандығына сай жұмыс ұсынады. Тиісті бөлім басшылығы биылғы жылы осы шараның нәтижесінде 25 жұмыс берушілерден түскен 41 бос жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтар еңбекке тартылғаның растап отыр. Ал жұмысқа орналастырылу бойынша мемлекеттік қолдаудың көмегінсіз 393 адам жұмысқа орналастырылған.

Жалағаш ауданы
17 тамыз 2018 ж. 721 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области