Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС – БАРШАҒА ОРТАҚ ІС

АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС – БАРШАҒА ОРТАҚ ІС


Қызылорда облысының тәртіп сақшылары қылмыспен күресте жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, қылмыстың алдын алу шараларын жоспарлы жүргізуде. 2018 жылдың 7 айында Қызылорда облысы бойынша 418 алаяқтық қылмыс тіркелді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға азайған. Алайда, соңғы кезде облыста өзгенің меншігін алаяқтық жолмен иелену арқылы азаматтардың құқына қол сұғу деректері орын алуда. Көп жағдайда алаяқтар нарықтық экономика жағдайына бейімделіп, «жеңілдікпен ірі көлемде несие, кезектен тыс арзан бағамен мемлекеттік пәтер, жер алып беремін, тендерден ұтып беремін, жалақысы жоғары қызметке, жұмысқа тұрғызамын және т.б. түрлі желеулермен тұрғындардың сенімдеріне кіріп алдап, қылмысқа барып жатады.
Тіркелген алаяқтық қылмыстарын талдасақ, қарызға ақша алып қайтармағандар - 27, несие алуға көмектесемін дегендер - 39, кезексіз жер алып беремін дегендер - 7, кезектен тыс пәтер алып беремін - 93, интернет желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есеп шотына ақша салдырғандар саны - 41 құрап отыр.
Осы жәйтті тарата отырып, алаяқтық қылмыстардың кейбіріне тоқтала кетсек. «Жұмысқа тұрғызуға көмектесемін» деп алаяқтық жасалу дерегі көп орын алуда. Мысалы, Қызылорда қаласының тұрғыны педагогикалық колледжіне түсіруге көмектесемін деп 3 адамнан 200 000 - 250 000 теңгеден алдап алып, уәдесінде тұрмаған. Бұл жерде, жәбірленушілер күдікті тұлғаның үлкен жастағы адам екен деп сеніміне кірген. 3 қылмыстық іс біріктіріліп сотқа айыптау актімен жолданған. Қария жасқа келген күдікті сот үкімімен 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотты болған.
Алданудын бір себебі, халық көбінесе балгерлермен, дуаны алып тастаймын деген тәуіптерге де алдану деректері орын алып жатыр. Мысалы, Жаңақорған ауданының азаматшасы ауыл тұрғынынан бал ашып «жол жеңілдетіп беремін, байып кетесін, ажалынан сақтанасын» деп алдап, сеніміне кіріп, бірнеше рет ақшасын иемденіп, жалпы 8 853 000 (сегіз миллион сегіз жүз елу үш мың) теңге ақшасын алдап алған. Аталған алаяқтық дерегі сотта қаралып, күдікті 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотты болған.
Осы жылдың 7 айында алаяқтық жасағаны үшін 162 тұлға ұсталып, оның ішінде 109-і әйел болып отыр. Алаяқтық қылмысының ашуда орын алатын мәселе - ол жәбірленушілердің кеш арыздануы. Ағымдағы жылдың 7 айында алаяқтық қылмысы бойынша 26 азамат құзырлы органдарға кеш арызданған.
Яғни, 1 жылдан аса уақытта - 16, 2 жылдан аса уақытта - 8, 3 жылдан кейін - 2. Бұл тұста тек алаяқтар туралы ғана емес, кей азаматтардың жеңіл пайда табуға, мәселені шешудің оңай жолын іздеуге бейімдігін, құқықтық сауаты төмендігін де айта өтуіміз керек. Міне, осы жәйт олардың алаяқтың арбауына түсуіне мүмкіндік ашады.
Бүгінгі күнге алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында іс-шаралар атқа¬рылуда. БАҚ арқылы облыс тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Осы мақсатта халыққа қызмет көрсету орындары мен базарларда, сауда орталықтарында плакаттар жапсырылып, жаднамалар таратылды. Бұған қоса, «Алаяқтардан сақтаныңыз» деген үндеумен бейнеролик әзірленіп, Қызылорда қаласында орналасқан «LED» экраны арқылы жарыққа шығуда.
Қызылорда облысының ішкі істер департаменті облыс тұрғындарына алаяқтардың құрбанына айналмас үшін қарапайым ғана ұқыптылықты ұстану, жоғары кепілдік кірісінің уәделеріне сенбеу және ақша, бағалы заттар мен мүлікті күмәнді адамдарға немесе компанияларға тапсырмау керектігін ескертеді.
Сонымен қатар, алаяқтық фактілері орын алған жағдайда тез арада полицияға хабарлауды естен шығармағаныңыз абзал. Алаяқтықпен күресті бүкіл ел болып жүзеге асыруымыз керек. Бұл – баршаға ортақ іс.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі
19 тамыз 2018 ж. 846 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области