Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТҰҢҒЫШ 3D КІТАПТАР ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТҰҢҒЫШ 3D КІТАПТАР ЖАРЫҚ КӨРЕДІ


Қазан айында Қазақстанда тұңғыш отандық балаларға арналған 3D кітаптар жарық көреді. Бұл туралы Қазақпарат тілшісіне берген сұхбатында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры міндетін уақытша атқарушы Нұржан Жолдыбалинов өз сұхбатында хабарлады.
«Қазір біз аудиокітаптармен айналысып жатырмыз. Ұлттық академиялық кітапханада дыбыс жазу студиясы ашылды. Көптеген шетелдік аудиокітаптарды қарап шықтық, олардың кейбірін тыңдап, ұйықтап кетуге болады. Біз 3D технолонияларды енгізу арқылы аудиокітаптар жасағымыз келеді. Яғни, ат шабатын тұсты оқығанда бала аттың шабысын естиді, сол сияқты керек жерде желдің дыбысын қосамыз», - деп түсіндірді Нұржан Жолдыбалинов.
Оның айтуынша, бұл кітаптар баланың танымын кеңейтеді. Дыбысты есту арқылы баланың қиялына қанат бітіруге болады.
«Қазір дыбыс жазу жұмыстарын атқарып жатырмыз, жобаны қазан айында таныстыру жоспарланған. Әзірге бес ертегі жазылды. Бұл - біздің алғашқы жобамыз, кейінірек «Бабалар сөзі» сынды анағұрлым ауқымды кітаптарды қолға аламыз», - деді Нұржан Жолдыбалинов.
Айта кетейік Нұржан Жолдыбалинов - «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы.
19 тамыз 2018 ж. 589 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области