Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ ӘРЕКЕТТЕРІ

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАУ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ ӘРЕКЕТТЕРІ


Электр желісіне қолжетімділік алу үшін энергия таратушы немесе энергия өндіруші мекеме көп қабатты тұрғын үйде тұратын тұтынушылардан басқа, әрбір тұтынушыға немесе жергілікті атқаруші органға техникалық шарт береді. Міне, біз электр желісіне қолжетімді болу үшін не қажет екенін білдік.
Қандай жағдайда техникалық шарт электр желісіне қосылу үшін беріледі? Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр желісіне рұқсатнама алу үшін көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда тұтынушылардың және жергілікті атқарушы органға әрқайсысына техникалық шарттар береді. Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым техникалық шарттарды тұтынушылардың немесе жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша келесі жағдайларда береді:
1) энергия беруші (энергия өндіруші) немесе энергия өндіруші ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосу;
2) тұтынылатын электр қондырғысының қуатты бұрын берілген техникалық шартта белгіленген қуаттан артық пайдалануы;
3) электрмен сырттай жабдықтау схемасының өзгеруі;
4) тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігі санатының өзгеруі.

Электр желісіне қосылу үшін техникалық шарт қандай мерзім аралығында беріледі?
Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан немесе жергілікті атқарушы органнан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде қайта енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:
қуаты 200 килоВатт (бұдан әрі – кВт) дейінгі электр қондырғыларына 5 жұмыс күнінің ішінде;
қуаты 200 кВт – 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына 10 жұмыс күнінің ішінде;
қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына 15 жұмыс күнінің ішінде.

Құрылыс кезінде қандай техникалық шарттар беріледі?
Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға немесе жергілікті атқарушы органға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.

Техникалық шарт беруде қандай талаптар бар?
Тұтынушының энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда, оған техникалық шарттар беріледі.
Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.

Тұтынушылардың электр қондырғыларын қайта қалпына келтіру немесе жаңарту үшін құрылыстың жобалау құжаттары қандай мерзімде келісіледі?
Тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылысына, қайта құрылуына және жаңғыртылуының жобалық құжаттамасы құрылыс-құрастыру жұмыстары басталмас бұрын техникалық шарттарды берген ұйыммен келіседі. Электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген техникалық шарттарға сәйкестігімен төмендегі мерзімде келісіледі:
қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын 3 жұмыс күнінің ішінде;
қуаты 200 кВт – 1000 кВт аралығындағы электр қондырғылары 7 жұмыс күнінің ішінде;
қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғылары 12 жұмыс күнінің ішінде.
Техникалық шарттардан ауытқу анықталған жағдайда, техникалық шарттарды берген ұйым жобалық құжаттаманы дәлелденген негіздемесін қоса ұсынып, тұтынушыға пысықтауға қайтарады.

Тұтынушылардың электр орнатқыштарын іске қосуда қандай талаптар бар?
Сараптама ұйымы электр қондырғыларын пайдалануға енгізбес бұрын электр қондырғыларына энергетикалық сараптама жүргізеді.
Энергия беруші ұйым тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға қосу барысында төмендегі мерзімде кернеу жібереді:
энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сырттай қосылу және электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пайдалануға беру туралы қорытындымен, тұтынушы электр қондырғыларын қосуға материалдар ұсынғаннан кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде тексеріп байқайды;
энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымды электрмен жабдықтау шартын жасасу туралы 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде хабарлайды;
энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым электрмен жабдықтау шартына қол қойылған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінің ішінде тұтынушының электр қондырғыларына кернеу жібереді.
Тұтынушыға электр энергиясын қосу және жіберу тек коммерциялық есепке алу жүйесі болған кезде ғана жүзеге асырылады.

Мұрат УЛЕКОВ,
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау
Комитетінің Қызылорда облысы бойынша
аумақтық департаментінің басшысы
19 тамыз 2018 ж. 872 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области