Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ІСКЕ СӘТ, САРАТС-ІІ

ІСКЕ СӘТ, САРАТС-ІІ


Биылғы жылдың наурыз айында Арал қаласында ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың төрағалығымен өткізілген мәжілісте қабылданған шешімдері бойынша 2018 жылғы 16 тамызда облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов САРАТС-2 жобасының Қазақстан Республикасының бюджеті есебінен іске асырылатындығын мәлімдеді.
Соның ішінде, Қызылорда су торабын кешенді жөндеу "Қазсушар" РМК-ның меншік иесімен атқарылуда. Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазсушар" РМК-ның су торабын жөндеудің ЖСҚ әзірлеуге жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында қаржылық-экономикалық негіздемесін (ҚЭН) дайындауда. ҚЭН Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық сараптамасынан өтуде.
Экономикалық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін ЖСҚ әзірлеуге республикалық бюджеттен қаржы қарастырылатын болады.
Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттерін нығайту және Жалағаш ауданындағы Тұрымбет және Қорғанша учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзету компоненттері бойынша облыстық бюджет есебінен ЖСҚ әзірленді.
Анықтама:
1) Қазалы ауданында су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттерін салудың құрылыс жұмыстарының құны 1270,4 млн. теңге;
2) Қармақшы ауданында су тасқынына қарсы қорғаныс бөгеттерін салудың құрылыс жұмыстарының құны 605,4 млн. теңге;
3) Жалағаш ауданындағы Тұрымбет және Қорғанша учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзету құрылыс жұмыстарының құны 651,6 млн. теңге.
Бұл компоненттер Үкіметпен мақұлданған «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу және жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» Жол картасына енгізілген.

Қазалы ауданының Бірлік ауылы маңында көпір салу компоненті бойынша ағымдағы жылы облыстық бюджеттен ТЭН-ін әзірлеуге 20,9 млн.теңге бөлінді. Нәтижесінде «ТЕКА-ПРОЕКТ» ЖШС жеңімпаз болып танылды. ТЭН әзірлеу мерзімі – 3 ай. ТЭН және ЖСҚ әзірленгеннен кейін көпір республикалық бюджеттен салынатын болады.
Сонымен қатар, 2018 жылы 8 тамызда облыстық бюджетті нақтылау барысында, «Көкарал бөгетінің беріктігін қамтамасыз ету және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасының ТЭН әзірлеуге және Қамыстыбас, Ақшатау көлдері жүйелеріндегі су нысандарын құжаттарындыруға қаржы бөлінді.
Осыған орай, САРАТС-2 жобасын іске асыру жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары суармалы жерлердің ирригациялық жағдайын жақсарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлады.
Анықтама: Бүгінгі күні облыста 159 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар жерді айналымға қосу жөніндегі 3 (үш) жобамыз енген. Олар – 15 мың гектар. ПУИД-2 жобасы; 144 мың гектар ПУИД-3 жобасы бойынша; 29 мың.га суармалы жерлерді айналымға қосу жобасы.
Суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары екі кезеңге бөлінген.
Бұл жобалар іске асырылған жағдайда инженерлік жүйеге келтірлген суармалы жерлердің 80 пайызы қайта қалпына келтіріліп, өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына үлкен әсер тигізетін болады.
Тасқын суларды сақтау, жинақтау және тарату жоспары бойынша облыста 3 млрд. текше метр тасқын су жинақтайтын 6 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.
Оның ішінде, су жинау көлемі 600 млн.текше м3 Күміскеткен су қоймасын және су жинау көлемі – 1,5 млрд.м3 Қараөзек арнасындағы су қоймасын атап өтуге болады.
Күміскеткен су қоймасын – Қызылорда облысында су реттегіш ретінде пайдаланылатын боламыз. Яғни, Сырдария өзенінде су мол кезінде жинақтап, вегетациялық кезеңде егістік алқаптарды қажетті суармалы сумен қамтамасыз етеміз.
Қараөзек су қоймасын көлдер жүйесін толтыруға және мал шаруашылығына мал азықтық базасын құру бойынша шабындық-жайылымдық алқаптарын суландыруға пайдаланамыз.
Атап өту керек, ағымдағы жылы 27 сәуірде Күміскеткен мен Қараөзек су қоймалары құрылысының ЖСҚ әзірлеу және құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлу мәселелері Премьер-Министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Е.Шөкеевте қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.
Ауылдық елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету үшін су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда


20 тамыз 2018 ж. 709 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области