ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 96 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫ ӨЗІНІҢ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ҚҰПИЯСЫМЕН БӨЛІСТІ
Қызылордалық Өтеш Тасжүрекқызы өзінің 96 жасында аймақтағы өнерлі әжей ғана емес, мықты бағбан ретінде де танылған. Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылының ең қарт тұрғыны өзінің ұзақ жасау құпиясымен бөлісті деп хабарлайды 24.kz.
Кейуананың айтуынша, әжейдің ата-анасы да қолөнершілер болған екен.
"Маған қолөнер өнері сол кісілерден дарыған деп ойлаймын. Мен бала күнімнен кесте тігіп, кілем тоқып үйренгенмін. Алайда талант болғанымен, кез келген өнерде еңбек керек. Тек еңбектенген адам ғана бәріне жетеді деп ойлаймын",-дейді кейуана.
Сол сияқты қария күні бүгінге дейін бағбандықпен айналысып, өзі осыдан 30 жыл бұрын салған жаңғақ ағаштарын күтіп, баптайды екен.
"Біздің облыста жаңғақ ағашын өсіріп баптау өте қиын.Климаттық жағдай мүмкіндік бермейді. Соған қарамастан бұл кісі сол ағаштарды өсіріп, жыл сайын мол өнім алып келеді",-дейді ауыл тұрғындарының бірі.
Өтеш Тасжүрекқызы 11 бала, 35 немере мен 28 шөбере көріп отырған бақытта әже. Бүгінде ол өз отбасы үшін адал еңбек пен мейірімді ананың символы дейді ауыл тұрғындары.