СЫРБОЙЫЛЫҚ ЕҢБЕК АРДАГЕРІ ЖҮЗІНШІ НАУРЫЗЫН ҚАРСЫ АЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша ғұмырында 100-Наурызын қарсы алу бақыты бұйырған 9 сырбойылық бар, деп хабарлайды 24.kz
Соның бірі – Жалағаш ауданы Еңбек ауылының тұрғыны Бәти Аманбаева. Өткен ғасырдағы төңкеріс, аштық, соғысты көрген әжей әр Наурызда ауылдастарына дастарқан жаяды.
Ою-өрнек кестеленіп, төсбелгілері қадалған қамзолы мен ақ кимешегін киген Бәти ажей меймандарын қарсы алуға әзір. Күнделікті келім-кетім адам үзілмейтін үйде бүгін тіпті абыр-сабыр, қараң-құраң адам. Кейуананы құттықтаушылардың қатарынан қалыптасқан дәстүр бойынша «Батыр аналар» ансамблі де қалыс қалмайды.
Еңбегіне қарай мадақ, жасына қарай құрмет. Бәти әжей ауыл шаруашылығы саласында тынбай тер төкті. Ұлттық салт-дәстүрді кейінгі толқынға насихаттау жағынан да қарияның үлесі зор.
Рахия Жұбатқанова, «Батыр аналар» ансамблінің мүшесі:
– Бір нәрсе білмей қалсақ, келеміз да осы Бәти әжейден сұраймыз. Көженің түрлері болады, бір кездері сабынды қалай жасауды әжейден үйренгенбіз. Бәти әжей көп жыл иірген ұршығын аманат етіп маған берді.
Жалағаш ауданындағы ең алғашқы әйел механизатор-тракторшы болған қарт қазір немере қызығын көріп, шөбере қолынан су ішіп отыр. Өзінен өрбіген ұл-қызы мен келіндері де тағылымды жолды жалғастырып келеді.
Айымторы Базарбаева, келіні:
– Әжемен 53 жыл бірге тұрып келе жатырмын. 18 жасымда келіншек болып түсіп едім, содан бері ұрысқанымыз, қақтығысқанымыз жоқ, жақсымыз. Жақсылықтың нышаны Наурыздан Наурызға аман-есен жетіп жатырмыз. Әйтеуір жақсылық болсын, сандықтан әже киімдерін жайып қойып тұрмын.
100-көктемін қарсы алып отырған Бәти әжейді әулеті қадір тұтады. Өйткені қарияның ұрпағы қарты бар үйдің қазынасы бар деген тәмсілге берік сүйенген.