Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛ ЕСІНДЕГІ ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

ЕЛ ЕСІНДЕГІ ЕРЛІК ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ


    Жаңақорған кентіндегі "Саяжай" мөлтек ауданындағы көшеге.Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Орман Ілияовтың есімі берілді. Сонымен қатар, аудандық спорт кешенінде ардагерді еске алуға арналған волейбол турнирі өткізілді.
    Орман Ілиясұлы 1916 жылы Жаңақорған ауданындағы №3 ауылында яғни қазіргі Қыркеңсе ауылдық округінде дүниеге келген. Ол Отан соғысындағы отты жылдардың алғашқы күнінен майданға кіріп, Жеңіс күнін ұрыс даласында қарсы алған майдангердің бірі. Днепр үшін шайқаста аға сержант басынан жарақат алып, госпитальға жіберілді және ерен ерлігі үшін кеудесіне "Қызыл Жұлдыз" ордені тағылды.
    Сондай ақ, майдангер бірнеше орден, медалдың иегері болды. 1947 - 1953 жылдары №160 "Талап" орта мектебінде мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарды. Ұрпақ тәрбиесіндегі сүбелі еңбегі үшін "ҚазССР Халыққа білім беру үздігі" төсбелгісімен, "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды.
    Еңбек пен ерлікті бірге қоса алып жүрген майдангердің есімін иеленген көше бүгінгі ұрпақтың алдыңғы толқынға деген құрметінің белгісі іспетті.  

08 желтоқсан 2017 ж. 775 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области