ДӘСТҮРЛІ ОЛИМПИАДА ДАРЫНДЫЛАРДЫ АНЫҚТАДЫ
Қармақшы ауданы орталығындағы №105 мектеп-лицейде математика пәнінен мектеп оқушылары арасында соғыс және еңбек ардагері, ұстаз Үсен Қошалақовты еске алуға арналған аудандық дәстүрлі олимпиада өтті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған ХІ пәндік олимпиадада 100-ден астам жас математик өз білімдерін сарапқа салды. Жас білімгерлердің сайысын қорытындылау салтанатында аудан әкімінің орынбасары Мәжит Сәмитов ұрпақтар сабақтастығы мен жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие берудегі ілкімді істер жайында әңгімеледі.
Білімгерлер сайысын аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Омаров қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырды.