Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ


    Назарбаев Зияткерлік мектебі көктем мезгілінің алғашқы мерекесінің бірі – қауышуды атап өтті. Ізгілік пен бауырмалдыққа бастайтын бұл ерекше мерекеде ұстаздар мен оқушылар бірін-бірі құшақ жая қарсы алып, амандық сұрасты.
    Қаhарлы қыстың қытымыр аязынан кейінгі жыл басы саналатын Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі бұрын наурыз айының орта шеніннен кейін тойланса, қазір ел болып «Наурыз» мерекесін тойлау «Алғыс айту», «Қауышу» сияқты жан жадыратар мерекелермен бастау алады.
    Қауышу күнінің екінші жартысы тақырыпқа сәйкес кездесумен жалғасын тапты. Тәлім-тәрбиенің алтын сандығы, бейнеттің зейнетін көріп отырған ақ самай әжелер мен өскелең ұрпаққа бағыт-бағдаршы батагөй ақсақалдар мектепке қонаққа келіп, зияткер оқушылармен жүздесті. Өмірден көргені көп алтын әжелер –Н.Ілиясов ауылының тұрғындары. Бір ауылдың түтінін түзу шығарып, ғибартты ғұмыр кешкен аналар қазіргі күні де тәлім-тәрбиесімен көпке үлгі болып жүр.
    Бүгінде осы әжелерімізден құралған ансамбль бар. Кездесу барысында әжелер өткенінен естелік айтып, салт-сана мен дәстүр-діңгекті дәріптеп, рухани жаңғырудың түп негізіне терең үңілдірді. Кездесуге келген ұстаздар мен оқушыларға «Әжелер ансамблі» әннен шашу шашты. Наурыз мерекесінің тойлану ерекшеліктеріне де тоқталған әжелер әңгімесі көптің көңілінен шықты.
    Кездесу соңында қариялар оқушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, батасын берді.





16 наурыз 2018 ж. 935 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области