Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАУЫШУ КҮНІ» КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТТІ

«ҚАУЫШУ КҮНІ» КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТТІ


    Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінде Наурыз мерекесінің басты жоралғыларының бірі –«Қауышу күні»  кеңінен аталып өтті.
    Департамент басшысы  Айнұр Шорабекқызының қолдауымен "Қолөнер" ұлттық нақыш орталығы және "Тағылым" балаларды шығармашылық дамыту орталығы ұйымдастырылған шарада "Ұлыстың ұлы күні" – Наурыз мерекесіне орай "Қобыз үні" атты ұлттық нақыштағы көрме өткізілді.
    Тамыры тереңнен алатын киелі аспаптың тарихы туралы түрлі ақпарат бар. Солардың бірі Қорқыт бабамызды қобыз атасы деп, бастауын 9-10-шы ғасырдан десе, енді бір деректе қазақ жеріне ислам діні енген сонау жетінші ғасырмен байланыстырады. Алайда, ұлтым, салтым деген ұрпақ үшін оның шыққан тегінен гөрі біздің заманымызға аман жеткені бақыт.
    Тағы бір айта кетерлік жайт, 14-наурызды халқымыз қыстан аман-сау шығып, жыл басы наурызға аман жеткен күн ретінде "Қауышу күні" деп атайды. Бұл күні кішілер үлкендерден бата алып, ауыл-аймақ  жиылып мәз-мәйрам болып, төс қағыстырған.
    Сонымен қатар, көрмеде арнайы жасақталған қазылар алқасының шешімімен 1-орынды ағаш шебері сырдариялық Жәнібек Асанов жеңіп алды. Келесі жүлделі орын ағаш және мүйіз шебері Мырзабек Қоныбаевқа, 3-орын тоқыма шебері Бақытгүл Райымбаеваға бұйырды.  Бұған қоса, қатысушыларға 19 номинация бойынша арнайы дипломдар табысталып, сыйлықтар беріледі. Атап айтар болсақ,  "Ағаш ұстасы", "Өз ісінің  шебері", "Сыр шебері", "Өнерлі қыз", "Өз ісінің майталманы", "Көркем сурет", "Атакәсіп шебері", "Құрақ көрпе", "Зергер","Жас шебер","Үздік шәкірт", "Ұсақ моншақ", "Асыл ұстаз", "Өнерлі жігіт", "Алтын қолды шебер", "Талапты ұл-қыз тарихи жұлдыз", "Шебер педагог-2018", "Тоқыма шебері", "Ою өрнек - тарихи мұра".


14 наурыз 2018 ж. 862 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области