Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫ


2017 жылы Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) шешіміне сәйкес, Қызылорда облысы аусыл ауруынан буферлік аймақтан шығарылды.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов өңірлік комунникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Осы статусты ұстап тұру үшін 2018 жылдың сәуір айында облыс аумағына ХЭБ сарапшылары екінші рет инспекциялық бағалау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде оң бағасын берді.
Мемлекет басшысының 2018 жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында "фермадан үстелге дейін" Қағидатына сәйкес ветеринариялық қызмет вертикалі құрылуда.
Қазіргі күні, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан Заң жобасы әзірленуде.
Осы заңға сәйкес аудан (қала) әкімдігінің күшімен ветеринариялық станциялар барлық ветеринариялық іс-шараларды атқарумен, облыстық ветеринария басқармасы ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтермен және қажетті ветеринариялық препараттарды сатып алумен, жеткізіп берумен айналысатын жүйе құрылатын болады.
Бұл жүйе 2019 жылдың наурыз айынан бастап іске асырылады деп жоспарлануда.
20 тамыз 2018 ж. 653 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области