ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАР СҰРЫПТАЛАДЫ
Елбасының Жолдауына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша ТҚҚ полигонының қалдықтарды сұрыптау кешені құрылысының жұмыстары басталды. Бұл туралы өңірлік комунникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов мәлімдеді.
Айта кетейік, жаңа полигон Белкөл кентінен 4 шақырым қашықтықта орналасады. Аумағы – 20 гектар. Алдағы уақытта мұнда жылына 60 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыпталады.
Нақты кезеңде ооған облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінген, мамандандырылған техника мен жабдықтарға тапсырыс берілген.
Бұған қоса, брифингте облыс әкімінің орынбасары С.Қожаниязов орман шаруашылығы бойынша атқарылатын жұмыстар жайында айтып өтті.
Орман шаруашылығында жыл сайын облыстық бюджет есебінен мемлекеттік орман қоры жерлерінің 10 мың гектарында орман отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 5 мың гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанында.
Сонымен қатар, биылдан бастап Оңтүстік Корея Республикасымен бірлесіп, Арал теңізінің құрағаған ұлтанында фитоорманмелиоративтік жұмыстар (2018 жылы – 5 мың га, 2019 жылы - 5 мың га) жүргізілуде.