Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЛЫ КІЛЕМІ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЛЫ КІЛЕМІ

Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің ең ардақтысы – қалы кілемнің соңғы жылдары әлем мінберінде аса мәртебелі орынға көтерілгені бізді үлкен қуанышқа бөледі. Таза жүннен тоқылып, қазақы оюмен өрнектелген құнды жәдігер осылайша мерейімізді тасытты.
Өкінішке қарай, бұл кілем біздің елде бүгінгі күндері тоқылмай жүр. Ал, Әзірбайжанда осы өнер өркен жайып отыр. Тіпті мұнда кіілемдер музейі де бар. Ал, ұлттық кілемдер арқылы атағын әлемге жайып үлгерген Иран 8 жылда бір ғана кілем саудасынан 17 млрд. АҚШ доллары көлемінде табыс табады екен. Ирандық кілемдерді америкалықтар, жапондықтар, ресейліктер белсенді түрде сатып алып жатқан көрінеді.
Алдағы уақытта кілем саудасынан түсетін табыс еселене береді дейді. Ені – 2,5, ұзындығы – 3,5 метр кілемді ол елдің шеберлері қолдан 1 жылға жуық тоқиды екен. Қазір оны экспортқа шығаруда Иран әлем бойынша озық елдердің қатарында. Олар алдағы 10 жылдықта кілем саудасын қыздыруға ниет білдіріп отыр. Ал біздегі сарапшылардың айтуынша, Түркіменстан, Парсы елдері, Біріккен Араб Әмірлігі жеңіл өнеркәсіптің осы түрін дамытуға аса мән беруде.
Естуімізше, батыс елдерінде қазақы қалы кілемге сұраныс мықты екен. Қазақстанда қолөнерге, оның шеберлеріне қолдау, қажет қамқорлықтар мен кәсіпкерлік саласынан жеңілдіктер беру ісіне мән беріле бастады.
Жеңіл өнеркәсіп – әлемдік экономиканың тұтас бір кешені. Ұлттық нақышпен тоқылған қалы кілем тоқу біз үшін маңызды іс. Жеңіл өнеркәсіпке қажетті жіп өнімдері Өзбекстан, ал оның бояулары Түркиядан тасымалданады екен. Өзімізде шығарылған жіптердің бағасы қымбат.
Ғалымдардың пікірінше, елдегі жеңіл өнеркәсіп саласының аяқ алысын мықтау үшін жекелеген кәсіп иелерінің идеясы бұл салаға аса қажет.
Қалай десек те, экомикамызды дамыту барысында жеңіл өнеркәсіп түріне жататын ұлттық құндылықтарымыздың іргелісі, бизнес көзінің белдісі, ата кәсіптің белгісі қазақтың қалы кілемін шығаруды қолға алған дұрыс. Салт-дәстүрімізбен сабақтас, өнердегі өрелі қолтаңбамызбен өрнектелген, көздің жауын алатын қазақы қалы кілемдер біз үшін нағыз қазынаның өзі.


23 тамыз 2018 ж. 1 228 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области