Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЛАСАУЫСҚАНДЫҚ – ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ КӨШБАСШЫСЫ

БАЛАСАУЫСҚАНДЫҚ – ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ КӨШБАСШЫСЫ

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдау аясында қойылған міндеттерді елеп-екшеп, талқылап алған соң оны іске асыру жұмысы басталып кетті. Сыр өңіріндегі өрелі істер жалғасып жатыр. Мысалы, аймағымыздағы «Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеру бойынша жұмыстар жасауда.
Сыр өңірінлегі ресейлік кәсіпорын 2016 жылы кәсіпорын аммоний метаванадатын және ванадий бесокисін Тайвань мен Ресейге экспорттауды бас-тады. Облыс басшысы Қ.Көшербаев мұнан 5 жыл бұрын жұмысын енді бастап жатқан кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысқан кезінде: «Бұл металдың пайдасы өте көп, бұған әлемде сұраныс жоғары деңгейде. Біз мұнай мен уранға сеніп жайбарақат отырмауымыз қажет. Таусылмайтын кен болмайды. Мұнай да сарқылады, уран да таусылар. Сондықтан, бізге осындай кен орындарын пайдаға асырып, өндіріп, экономикалық қуатымызды еселеп отыруымыз қажет, - деген болатын.
Аймақ басшысы сол кезде облысымызда металл кластерін дамытуды ойластырып, Шалқия елді мекенінен кен байыту комбинатының құрылысын бастау қажеттігін айтты. Айтқанындай қазір әлемде аталған шикізатқа сұраныс артып, соған орай соңғы жылы кәсіпорын экспорттың көлемін 3,2 есеге ұлғайтты. Қазір әлемде қорғасын-мырышқа да сұраныс жоғары. Соңғы уақытта уран мен мұнай бағалары мың құбылып, бір түсіп, бір көтеріліп келеді. Мұнайды айтпағанның өзінде еліміздегі уранның көлемі енді жиырма жылда таусылып тынатынын мамандар айтып отыр. Бұл көп мерзім емес.
Бүгінде Қазақстан шикізатсыз да күн көре алатынына көз жеткізді. Соның нәтижесінде, қазба байлық бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құрдық. Мысалы, соңғы бес жылда Үдемелі индустриалды-инновациялық даму (ҮИИД) бағдарламасы аясында еліміз бойынша 50-ден астам өнеркәсіптік нысан қолданысқа берілсе, оның 16-сы ірі және орта кәсіпорындар. Шиелі ауданында мия тамырын өңдейтін зауыт, қиыршық тас өңдейтін зауыт, әк зауыты, құс өсіретін фабрика, темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыт, асфальт зауыты секілді ірі және орта кәсіпорындар жұмыс жасап келеді.
Өткен 2017 жылы қараша айында өткен дәстүрлі «Байқоңыр» инвестициялық форумында облыс басшысы: «Қазір 110 тонна аммоний метаванадатын Тайваньға экспорттап үлгердік. Бұдан бөлек, Қызылордада ферроқорытпа зауытын салу жобасын іске асыру бағытында жұмыс істелуде. Ал, газ поршеньді электр станциясының іске қосылуы электрмен қамтамасыз етуді жақсартып, аймақта өнеркәсіптің дамуына мүмкіндік береді. «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинаты мен газтурбиналық электрстанциясының құрылысын бастадық. 2019 жылдан бастап тау-кен байыту комбинаты 2 млн тонна, ал, 2020 жылға қарай 4 млн тонна кен өңдейтін болады. Комбинаттың іске қосылуы 1500 жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осында гидрометаллургиялық зауыт құрылысы жобасын дайындау ісі басталды, – деген болатын.
Бұған қоса, биылғы 2018 жылдың желтоқсан айында Шиелідегі тампонажды цемент өндіретін зауыт іске қосылады. Қазір мұнда электр желісін жүргізу және қондырғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде.
Облыстағы аудандар ішінде индустриялық аймақтың үлкені де осы Шиелі ауданында екенін атап өткен абзал. Қорыта айтқанда,Сыр өңіріндегі Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қарқыны жоғары деңгейде.
23 тамыз 2018 ж. 590 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области