CЫР ДИҚАНДАРЫ КҮРІШКЕ ОРАҚ САЛДЫ
Егін-терімді алғаш болып Шиелі ауданының еңбеккерлері бастап кетті. Аудан диқандары үшін биыл Сыр маржанын күтіп-баптау оңайға соққан жоқ. Сырдария өзені деңгейінің төмендеуі, бірқатар шаруашылықты алаңдатқаны белгілі. «Алайда тіршілік нәрін кестеге сай, тиімді пайдаланғанның нәтижесінде өнім көлемі ойдан шықты», – дейді мамандар. Мәселен, Керделі ауылдық округіндегі шаруақожалық шамамен әр гектардан 50 центнерден өнім алуды межелепті.
Жалпы, биыл Шиелі ауданы 24 мың гектар жерге дән сепсе, оның тең жартысы күріш. Ал облыс бойынша Сыр маржанының үлесі 87 мың гектарға жуықтайды. Ауа райы қарасса, облыс диқандары қыркүйектің соңына дейін орақ науқанын аяқтауды жоспарлап қойған.
Сейілбек Нұрымбетов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
– Ағымдағы жылы күннің салқындығы, жаздың ыстық болуы, Сырдария өзеніндегі судың төмендеуінен бізде күрішті сумен қамтамасыз етуде қиындықтар орын алды. Өткен жылы бастапқы салмақпен сол 50-55 центнер көлемінде болған. Мамандардың бағалауы бойынша қазіргі күріштің шығымы жаман емес. Сол өткен жылғы көлемнен кем болмайды деп отыр.