Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ИМАНҚҰЛ МЕШІТІ

ИМАНҚҰЛ МЕШІТІ

Жалағаш ауданы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер аз емес. Солардың бірі – Иманқұл мешіті.
Аталған мешіттің құрылысы 1905 жылы басталып, 1906 жылы аяқталған.
Мешітті Ресейден келген орыс құрылысшылары ХІХ жылдың аяғы – ХХ жылдың бас жағындағы орыс архитектурасының «кірпіш стилі» («кирпичный стиль») және «провинциальная архитектура» тәсілдерімен салған. Мешіттің маңына арнайы кірпіш зауыты салынып, қолдан құйылған қам кесектер жергілікті сексеуіл мен шеңгелдің шоғына күйдірілген.
Мешіттің іргетасы (фундаменті) ленталық, күйдірілген кірпіштерден қаланған. Іргесінің табаны (цоколь) қабырғадан 1,35 м. биік және сыртқа қарай шығынқы етіп қаланған.
Қабырғаның бойымен жүргізілген карниздің үстіндегі екі кронштейннің ортасында сәндік үшін бір қырынан қаланған кірпіштер мен оның астындағы үш қатар етіп көлденең қаланған кірпіштерден тұратын декоративті аттик мешіт ғимаратының жалпы құрылысына ерекше сән - салтанат беріп тұр.
Мешіттің солтүстік және оңтүстік жақ беттерінің қабырғасы ортасынан шығынқы етіп қаланған лопаткамен екі бөлікке бөлінген. Жоғарғы жағында декоративті аттигі бар пилястрдің бұрыштарын істік және қабырғадан біршама шығынқы етіп қалаған. Мешіттің терезелері үстінен «П» әрпі тәрізді кірпіштерден қабырғадан біршама шығынқы етіп қаланған сандрикпен және полуциркульді аркалармен сәнделген.
Мешіттің едені ағаш, шатырын екіскатты етіп шірімейтін қаңылтырдан жабылған. (вальмовая крыша). Төбесінде диаметрі 3,5 метр болатын сырты қаңылтырмен қапталған күмбезбен жабылған. Терезелерін ( материалы -металлопластик) тікбұрышты әрі бір қабатты етіп жасаған.
Мешіттің жалпы өлшемі: 27х 9,50 метр. Биіктігі – 5,80 метр. Жалпы биіктігі - 11 метр. Қабырғасының қалыңдығы- 0,95 метр.
Айта кетейік, 1998 жылы мешітке халықтық әдіс – асар арқылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Мешіттің алдына қосымша дәліз (вестибюль) салынып, оның кірер есігі шығысқа қаратылған.
Дәліздің екі жанында биіктігі 8,5 метр, диаметрі 1,5 метр болатын екі азан шақыратын мұнара – минареттер қаланған. Мешіттің дәл ортасына төбесі қаңылтырмен жабылған диаметрі 3,5 м. болатын күмбез орнатылған.
Мешіттің батыс жақ қапталында ортасында биіктігі 14 метр болатын мұнара-минареті (диаметрі 2,5 м.) бар от қазандығы тұратын бөлме (котельный) жапсарлас орналасқан.
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы Иманқұл мешітіне Қызылорда облыстық бюджетінің есебінен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.





02 қыркүйек 2018 ж. 1 009 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области