Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ


Алғашқы жартыжылдықта Сырдария ауданы ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнім 2,3 млрд. теңгені құрап, 1,7 пайызға артты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауданы әкім Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.
Бастысы, биылғы жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы аудандағы шаруашылық құрылымдары 548 млн. 244 мың теңгеге 17 жаңа техника алып, машина-техника паркін біршама жаңалады.
Ал осы жылдың 1 тамызына аудандағы барлық шаруашылық санаттарында төрт түлік мал басы 34 мың 107 бас мүйізді ірі қараны құрады. Бұған қоса, ауданда 29 мың 930 бас қой мен ешкі, 14 мың 152 бас жылқы мен 1237 бас түйе, сондай-ақ,11 мың 873 бас құс өсірілуде.
Мал шаруашылығынан өндірілген өнімдер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 100,0 %-ға, ал сүт 101,7 %-ға, жұмыртқа 106,4%-ға орындалды.
Айта кетейік, үстіміздегі жылы аудандағы 7 шаруашылық құрылымдары «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 61,8 млн. теңге несие алды.
03 қыркүйек 2018 ж. 867 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области