Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІЛІМ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

БІЛІМ САПАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА


Сырдария ауданында үш ауысыммен оқитын, апаттық жағдайдағы мектептер мүлдем жоқ және мектептерде орын жетіспеушілік мәселесі толық шешілген. Бұл туралы аудан әкімі Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.
Оның айтуынша аудан мектептерінің орта мектеп курсын 2017-2018 оқу жылында 338 оқушы бітірген. Олардың 216-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Бұл мектеп бітірушілердің 64 пайызын құрады. Биыл ҰБТ қорытындысы бойынша орташа бал 85,02 ұпайды құрады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 216 оқушының 157-і мемлекеттік грантқа түсіп, яғни 72,7 пайызды құрады. Бұл әкімінің грантын есепке алмағандағы көрсеткіш. «Алтын белгі» 20 оқушы, «Үздік аттестат» 11 оқушы иеленді.
- Облыстық бюджеттен мектептерді физика, химия, биология кабинеттерімен жабдықтауға қаржы қаралды. «Физика» кабинетін №44, №132, №129 орта мектептерде жабдықтауға 18 млн.480 мың теңге, №35, №36, №42 мектептерде «Химия» кабинетіне 14 млн. 697 мың теңге, №36, №37, №35 мектептерде «Биология» кабинетін жабдықтауға 14 млн. 448 мың теңгеге қаржы қаралды, - дейді аудан әкімі.
«Bilimland» ресурстарына аудандағы барлық 17 мектеп қосылған. Елбасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Сырдария ауданындағы 10 мектепте «Kүнделік» электрондық мектеп журналдарының жүйесі 2016-2017 оқу жылынан бастап енгізілген. 2018 жылдың мамыр айынан бастап 7 мектеп қосылды.
05 қыркүйек 2018 ж. 612 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области