Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Жалағаш ауданында болашақтың тірегі жастардың толыққанды білім алуына жан-жақты жағдай жасалып отыр. Жалпы, білім беру сапасы жылдан-жылға жоғарылап келеді.
ҰБТ қорытындысымен биылғы жылы облыс бойынша аудандар арасында бірінші орынды иеленді. Ауданның көрсеткіші 87,5 балды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 5,9 балға өскен. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша ауданымыз облыста алдыңғы қатарда. ҰБТ-ға қатысушылардың мемлекеттік грантпен ЖОО түсу көрсеткіші бойынша да аудандар алдындамыз.
2018 жылы сала бюджеті 4 млрд. 23 млн. теңгені, яғни аудан бюджетінің 50 % құрады. 1 оқушыға бір жылға кеткен шығын орташа есеппен 2018 жылы 443 мың теңгеге жеткен (2017 жылы 436 мың теңгені құраған).
Мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бұл мақсатқа 17,0 млн.теңге жұмсалды.
Оқушыларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға 71,5 млн. теңге бөлініп, жаңа оқу жылына дейін оқулықтармен толық қамтамасыз етілетін болады.
Барлық мектептер «Электронды күнделік» жүйесіне енгізілген. Биылғы жаңа оқу жылынан бастап қағаз журналдарға толтыру толық жойылып, электронды форматтағы нұсқаға көшіріледі.
Осы мақсатта барлық мектептерге 7,0 млн. теңгеге 200 дана планшет, 114 дана wi-fi роутер сатып алынды.
8 мектепке «Робототехника» кабинеттерін, модификациялы физика, химия, биология кабинеттерін жабдықтауға, ескірген компьютерлерді жаңа буын компьютерлермен ауыстыруға облыстық бюджеттерден барлығы 101,8 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу Заңына тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар жыл аяғына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында аудан мектептерін 769 дана компьютерлермен жабдықтау жоспарлануда.
Бүгінгі таңда М.Шәменов ауылдық округінде №34 орта мектеп ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты жалпы құны 900,0 млн. теңге құрайтын 300 орындық жаңа мектеп құрылысының жоба-сметалық құжаты әзірленіп, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Аудан бойынша 38 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Олардың 10-ы мемлекеттік (780 бала), 16-сы жеке балабақшалар (1061 бала) және 12-і мектептер жанындағы шағын орталықтар (283 бала). Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда қамтылған бала саны - 2124.
2018 жылға 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу міндеттемесі толығымен орындалды.
Тіректі елді мекендерді дамыту мақсатында облыстық бюджет есебінен 260,0 млн. теңге қаржы бөлініп, Мәдениет ауылында 90 орындық балабақша ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
29 тамыз 2018 ж. 962 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области