ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІН ӨНДІРУ
Жалағаш ауданы алғашқы жартыжылдықты жақсы көрсеткіштермен аяқтап отыр. Мысалы, 2018 жылдың 1 шілдесіне ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артып, 3 млрд. теңгеге жеткен.
Ал негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 2 млрд. 543 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңіндегі салыстырмалы бағамен алғанда 2 есеге өсті.
Қаржы-салық саясатына келсек, 2018 жылғы ауданның бюджеті 7,1 млрд болып бекітілген болатын. Жыл басынан аудан бюджеті 2 мәрте нақтыланып, 5 мәрте түзету енгізілді. Осы өзгерістердің қорытындысында аудан бюджетіне 993,4 млн теңге ағымдағы нысаналы трансферт, 688,2 млн теңге көлемінде нысаналы даму трансферттері бөлінді.
Бүгінгі күнге аудан бюджетінің көлемі 8 млрд 65 млн теңгеге жетіп отыр. Аудан бюджетінің жалпы түсімдер болжамы 8 млрд. 27 млн. теңгеге нақтыланды. Жергілікті кірістер 2018 жылдың 1 шілдесіне 117,8 пайызға орындалды.
Аудан бюджетінің шығыстары 4 млрд. 157 млн. теңгеге атқарылды.