БЮДЖЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТЫ САҚТАЛДЫ
2017 жылға арналған облыстың бюджет саясаты басты бағыттары бұл міндеттеп алған қаржылық ресурстар жинақтап уақытылы орындалуын қамтамасыз ету, бірінші кезекте әлеуметтік қамтамасыз ету, сонымен қатар, облыс төңірегіне әлеуметтік салаға әсер ететін іс-шараларды қамти отырып жұмыссыздықтың қамтылуын қадағалау. Осыған сәйкес, бюджеттің әлеуметтік сала бағыты сақталады.
Облыстық бюджетте мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іс-шараларын іске асыруға білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, ауыз сумен қамту және ауыл шарушылығына қаржыландыруға қаржы қаралған.
Аймақ бюджетінің көлемі 190 984,1 млн теңгеге ұлғайтылды. Облыстық бюджеттің кіріс көзі 1 800 млн теңгеге ұлғайтылды, аудандар және Қызылорда қаласы бюджеттерінен пайдаланылмаған трансферттер мен кредиттер қайтарылды.
Облыстық бюджет кірісінің негізін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың Қызылорда қаласы мен аудандық бюджеттерінің аударым пайыздары құрады.
Осылайша, 2017 жылы облыстық бюджеттің жалпы кірістер көлемі 2017 жылы 177 175 560,4 мың теңге, 2018 жылы 157 155 959 мың теңге, 2019 жылы 151 116 888 мың теңгені құрады.